Back

Шығыста күн жылығалы бері су тасқынының қауіпі артып тұрғаны жасырын емес. Семей қаласындағы Ертіс өзенінің бойына таяу маңда орналасқан аудандарды мамандар бақылауға алған. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі «Полковничий» аралы мен «Мирный», «Восточный» көшелеріндегі үйлерді тасқын судан қорғауға барын салуда.