Back

Айта кетелік қазіргі күні Түркістан облысының Цифрландыру орталығы мемлекеттік органдардың мамандарына, облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерге цифрландыру бойынша жол карталарын әзірлеуде қолдау көрсетіп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 13 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 585 отбасы баспаналы болмақ. Осы жұмыстарға деп қазынадан 5 млрд. 278 млн. теңге қаржы бөлінген.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданы Абай елдімекенінде болып, ел ағаларымен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Басқосуда өңір басшысы Наурыз – татулыққа бастайтын мейрам екенін айта келе, тұрғындарды ынтымақпен бірлесе еңбек етуге шақырды.