Back

Оңтүстік Қазақстан облысында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы аясында Шымкент зообағының «Африка» зоологиялық аймағы пайдалануға берілді. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы шарамен құттықтап, жаңадан ашылған нысанды аралап көрді.

Оңтүстік Қазақстан облысында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекелік жиында балалар үйінде тәрбиленіп жатқан 350-ге жуық жеткіншекке сый-сияпат жасалды. Шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.

Кентау қаласы жақын күндері толықтай көгілдір отынмен қамтылады. Бүгінде қаланың іргесіндегі газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындай ақпаратқа қанықты.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыссыз азаматтар тегін оқытылатын болады. Онда 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша биыл 11-сыныпты 33766 оқушы бітіреді, оның ішінде 26000 қазақ, 2834 орыс, 4605 өзбек, 327 оқушы тәжік сыныптарының оқушылары. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстанда өңір халқын сапалы ауызсумен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты атқарылуда. Облыстың даму жоспарына сәйкес, үш жылда 84 елді мекенді, яғни, 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 73 жылдығына орай майдангерлерге құрмет көрсетілді. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» қабылдау үйінде ардагерлерге арнап мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесінде ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелеткен 60 кәсіпкер келушілерге өздерінің тауарларын төменгі бағада ұсынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы шомылу маусымы жақындап келеді. Өзекті мәселелердің бірі - су айдындарында қайғылы жағдайлардың жиі орын алуы. Мұндай оқиғаларғы азаматтардың қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай, белгіленбеген орындарда шомылуы себеп болып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерғали Бахаев мәлім етті.

Мақтарал ауданында төл спортымыз – қазақ күресінен дүбірлі дода өтті.  Жыл сайын өтетін Бақытжан Жаңбырбаев атындағы халықаралық ХXІV ашық турнирге Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген балуандармен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген балуандар қатысып, екі күн бойы белдесті.