Back

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан «Shymkent Тemir» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Shymkent Сity» тұрғын алабына барды, сондай-ақ Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамасын орындау жоспарымен танысты.

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша тұрғындардың банкке салған депозиттерінің жалпы көлемі – 303,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде шетел валютасындағы салымдар - 7,8 пайызға қысқарса, ұлттық валюта салымдары – 5,4 пайызға өскен. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында күллі түркінің ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні ерекше өтті. Тіршілік, өмір бастау алған аңыз бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауының баурайында тойланды. Наурызды асыға күткен жұрт жүздесіп, мәз-мейрам болысты. Күн мен түннің теңеліп, елдің қуанышқа кенелетін мерекеде 40 шақты киіз тігіліп, 700-ге жуық жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.

Бүгін Оңтүстік жұрты Ұлыстың ұлы күнін Шымкент қаласында атап өтті. Бұл күнгі мерекенің ерекшелігі – жаңа арбаттың ашылуынан басталды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев шаһар тұрғындарын жаңа демалыс орнының ашылуымен құттықтады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгері  өсіру» атты семинар-кеңес өтті. Шараға  аталған екі ауданның әкім орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.