Back

Оңтүстік Қазақстан облысында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары басталды. Биыл зиянкестермен күрес жұмыстары өңірдегі 350 мың гектар алқапта жүргізілетін болады. Оның 60 пайызы жер үсті агрегаттарымен, 40 пайызы авиациямен өңделеді. Бұл туралы Сарығаш ауданы Бірлік ауылдық округінде облыс əкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен семинар кеңесте Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Кашкенов мәлім етті.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевты тағайындады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің Қазақстандағы директоры Агрис Прейманиспен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі жақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарды талқылады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бумпром» ЖШС қағаз қалдықтарынан картон шығару ісін жандандырып келеді.  2016 жылы  жылы іске қосылған жобалардың бірі «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 4 мың,  ал айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы.  Бүгінде мұнда 30  адам жұмыспен қамтылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 1723 гектар жерге қарбыз, 3120 гектарға қауын тұқымын егіп үлгерді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қарбыз 1248 гектарға, қауын 1277 гектарға артық. Өйткені биылғы жылы ауа-райы шаруаға қолайлы болып отыр. Алдағы уақытта қауын-қарбыз тұқымын егу жұмыстары жалғасын таппақ.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында болып, онда университет зертханаларының жабдықтарымен танысты.

Биыл «Тассай» индустриялық аймағында жалпы құны 19 млрд 684 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылатын болады.  Нәтижесінде 720 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  Бұл туралы аталған өндірістік аймақтың жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балмұздақ жеп, жіті ішек инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайымен танысып, жедел штаб отырысын өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент шаһары қызғалдақтар ордасына айналды.  Бүгінгі таңда қалада 1 млн. 37 мың түп қызғалдақ жайқалып тұр. Незінен голландиялық сортты қызғалдақтың 6 түрлі түсі егілген. Олардың қатарында сары, қызыл, көк, қызғылт, қызғылт сары және күлгін түстісі бар.

Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» мәселесі көтерілді. Осыған орай Ұлттық Банк «7-20-25» формуласы бойынша бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Ол көпшілік үшін түрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жүйемен ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығынан бастап баспана алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ЮНЕСКО Бюросының директоры Криста Пиккат, мәдениет жөніндегі маманы Айгүл Халафова және туризм жөніндегі сарапшы Бақыт Оразымбетовамен кездесті. Басқосуда тараптар екі жақты байланысты нығайта отырып, өңірдегі туризм саласын дамыту жайын ақылдасты.