Back

Мамандардың айтуынша аудандағы жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет.

Бұлай деп Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтқан болатын. Шынымен де Сайрам ауданы өзінің әлеуметтік-экономикалық потенциалын тиімді пайдаланып отыр ма? Осы мәселеге көз жүгірткенді жөн көрдік.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың  ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында үш бірдей шаруа қожалық пен бір кәсіпорынның және тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты.

Оңтүістік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары 97 пайызға орындалған. Ал биылғы жылы шаруаларға аталған жұмыстарға мемлекет тарапынан 55 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 27 мың тоннадан астам жанар май берілді. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мақтаарал ауданына жасаған сапары кезінде шаруалармен болған әңгіме барысында айтты.

Оңтүістік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары 97 пайызға орындалған. Ал биылғы жылы шаруаларға аталған жұмыстарға мемлекет тарапынан 55 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 27 мың тоннадан астам жанар май берілді. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мақтаарал ауданына жасаған сапары кезінде шаруалармен болған әңгіме барысында айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында 62 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы орман қоры жерінің 10500 гектарына сексеуіл тұқымы себіледі. Сонымен қатар 1000 гектар жерге мәдени екпелер егіліп, 5500 гектар алқапқа орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарының «Экожүйелерді басқару» бөлімін іске асыру аясында атқарылмақ. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Дирк, Алматы қаласындағы Елшілік кеңсесінің сауда-саттық жөніндегі маманы З.Садыкджанқызымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты.