Back

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша биыл 11-сыныпты 33766 оқушы бітіреді, оның ішінде 26000 қазақ, 2834 орыс, 4605 өзбек, 327 оқушы тәжік сыныптарының оқушылары. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасы тауының биігіне үш бидің ескерткіші орнатылуда. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған аталған жобаның жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысып қайтты.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасынан келген бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, іскерлік қарым қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық орнату жайын сөз етті.

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға салды.