Cоңғы жаңалықтар
Back

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайы аумағы мен «Жастар» мәдени-демалыс саябағында әз Наурыз мерекесіне орай облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Ұлттық жаңғыру мейрамы – Наурыз!» атты мерекелік шаралар өтті. Көпшілікке бауырсақ таратылып, Наурыз көже ұсынылды,көңілді ойындар, спорттық жарыстар, түрлі көрмелер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.