Back

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасында өткен облыстық конкурстың жүлдегерлері кешенді дыбыс аппаратуралары мен әрқайсысы 300 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды. Марапаттау салтанаты Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті. Жеңімпаздарды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі өтуде. Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға арналған шараның мақсаты -  Астана қонақтары мен жұртшылығын Оңтүстіктің тарихи шежіресімен шығармаларымен таныстыру.

Елбасы төрт ай бұрын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жариялады. Мен сол бағдарламаны шынайы қолдаймын. Елдің болашағы осы бағдарламаға байланысты. Ол жөнінде жазып жүрмін. Өйткені, ол бағдарламаның негізгі өзегі ұлттық – рухани код.