Back

Қазаққа еңбегі сіңген ақын-жазушылардың пендешілігін әшкере етем деп Мұхтар Шахановтың басы дауға қалды. Болған оқиғадан кейін қоғамның пікірі екіге бөлінді. Бір топ Шахановқа қарсы шығып даттаса, екіншілері қорғап әлек, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Күні кеше ғана белгілі журналист, ақын Төреғали Тәшенов өзінің «Фейсбуктағы» жазбасында қазақтың от ауызды, орақ тілді үш ақыны Мұхтар Шаханов, Өтежан Нұрғалиев және Қадыр Мырза Әлінің кезінде үш әріптің «салпаңқұлағы» болған деп пост жазған еді.