Back

Ресей, Түркия, Әзірбайжан және еліміздің кейбір аймақтырынан келген кәсіби ғалымдар, тарихшылар, этнографтар, археологтар және өлкетанушылардың қатысуымен «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» атты ғылыми экспедициясы өз жұмысын бастап кетті.

Таяуда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға Астана қаласының тұрғындары, сарапшылар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесу барысында Дәурен Абаев ведомствоның бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар министр видеоконференция арқылы еліміздің өзге де аймақтарының және министрліктің ресми сайтына келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Мақтарал ауданында төл спортымыз – қазақ күресінен дүбірлі дода өтті.  Жыл сайын өтетін Бақытжан Жаңбырбаев атындағы халықаралық ХXІV ашық турнирге Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген балуандармен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген балуандар қатысып, екі күн бойы белдесті.