Back

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай мұнайға бай Қазақстан мен Норвегия экономикасын салыстырып, бізден озып кеткен норвегтердің менталитетін сөз етіпті. «Қарапайым норвегиялықтардың өмір сүру деңгейі әлемдегі ең жоғары деңгей болып есептеледі және бұл үздіксіз өсіп жатыр. Ал біз ше? Біз қайттік? 30 жылда не бітіріп, не тындырдық?» дейді ашынған кәсіпкер.

Танымал кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембайға соңғы кездері қысым күшейіп тұр. Кәсіпкердің өзі бұл туралы егжей-тегжейлі жазыпты. Айтуынша, «қасқөй қарсыластары» қазіргі күні оның атына кір келтірудің сан түрлі амалын іздеп, аласұрып жүр. Алайда халықтың қолдауы арқасында әлгіндейлердің сасық қулығы әшкере болып, сан соғыпты.