Back

Шет елдегі іс-сапардан ұзақтау ұшып келгендіктен, түнде әлеуметтік желіге кірсем, мына хабарды жіберіп жанашыр азаматтар сүйінші сұрап, мүмкін тағы бір әрекет етіп көрерсіздер деген пікір білдіріпті.

Бүгін Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары мен студенттер қауымы латын графикасына көшудің тиімділігін туралы әңгіме өрбіді. Осы орайда, қоғамның талқылауына түскен латын әліпбиінің Ақордада ұсынылған нұсқасын ұжым болып тақылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған ашық сабақтар өтті.

Алматы облысының ақпараттық топ мүшелерінің жұмысы Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылындағы Алмалы орта мектебінде  ұласты. Мектеп ұстаздары, оқушылармен өткен басқосу  қызу тартысты өтті. Латын әліпбиіне көшуге қатысты келелі ойларын ортаға салған топ жетекшісі Айдар Башбаев, топтың белді мүшелері облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүласара Исағұлова, ақын, облыс әкімі баспасөз қызметінің бас инспекторы Сағыныш Намазшамова,  облыстық «Жетісу газетінің тілшісі Қажет Андас, ақын,  ҚХА өкілі Ақсұңқар Ақынбаба көпшілік қойған сауалдарға кеңінен   жауап  берді.

Латынға көшуді қолдаймын! Қазір елімізде екі-үш сөйлемнің басын құрай алатынның бәрі латынға көшуді қолдайтындарын білдіріп мақала жазудан жарыс жүріп жатқандай...