Back

Қазіргі таңда ауыл шаруашлығы тауарларын сырт елдерге экспорттауда Түркістан облысы өзге өңірлерге қарағанда оқ бойы озық түр. Егер статистикалық көрсеткіштерге көз салып қарайтын болсақ, Түркістан облысындағы ауыл еңбеккерлерінің өндірген өнімдер Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан,  Қытай, Түркия, Иран, Латвия, Литва, Эстония және Германияға экспортталатынын байқауға болады.

Түркістан облысының тауарөндірушілері 2018 жылдың маусым айының 23-24 күндері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді. Шарада 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жалпы құны 122,8 млн. теңгені құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада саудалайды. Атап айтқанда, 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 18 тонна картоп, 20 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер, 41 тонна басқа өнімдер сатылымға шығарылмақ.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 1723 гектар жерге қарбыз, 3120 гектарға қауын тұқымын егіп үлгерді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қарбыз 1248 гектарға, қауын 1277 гектарға артық. Өйткені биылғы жылы ауа-райы шаруаға қолайлы болып отыр. Алдағы уақытта қауын-қарбыз тұқымын егу жұмыстары жалғасын таппақ.