Back

Егіс науқаны қарсаңында облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі шаруалардың қатысуымен қант қызылшасы өндірісін дамыту мәселесін талқылаған жиын өткізді. Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабын 11,2 мың гектарға ұлғайту, одан 414,4 мың тонна өнім жинау көзделіп отыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауытты жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде бес күн ішінде Көксу қант зауыты 200 тонна қант өндіріп үлгерді. Қызылша өңдеу маусымының сәтті басталуымен зауыт құрылтайшыларын, жұмысшыларын, шаруаларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, зауытқа арнайы барды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы маусымда Көксу қант зауытына автокеруенмен алғашқы тәтті түбір әкелінді. Бірінші болып Қапшағай қаласының қызылшашылары 50 тоннадан астам қант қызылшасын жеткізді. Шаруалар мен өңдеушілерді бұл қуанышты сәтпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.