Back

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында түйе шаруашылығымен айналысатын Дермене және Жиделі атты екі ауылдық округ бар. Соның бірі 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені деп айтылатын ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Осы ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға тасымалдануда.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.  20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға жақын.

Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округіндегі "Береке-мақта" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі биыл толағай табыстарға кенеліп отыр. Олай деуге негіз де жоқ емес.

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен  жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылып  келеді.