Back

Түлкібас ауданында ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 29 892,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,8 пайызды құраған. Облыста бұл көрсеткіш 103,4%-ға тең.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында биыл 8781 тонна жүзім жиналды. Шаруалар орташа есеппен жүзімнің әрбір гектарынан 48,9 центнерден өнім алған. Ал биыл тамшылатып суару тәсілі енгізілген 450,7 гектар жүзімнің  283 гектар алқабы 1698 тонна  өнім беріпті.  Яғни, бағбандар жүзімнің әр гектарынан  70  центнерге дейін өнім жинаған. «Жүзімнің өнім беру мерзімі  төртінші жылдан басталатынын ескерсек, аталған өнімділік жақсы көрсеткіш болып саналады» дейді сарыағаштық диқандар.