Back

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы АӨК дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында биыл 8781 тонна жүзім жиналды. Шаруалар орташа есеппен жүзімнің әрбір гектарынан 48,9 центнерден өнім алған. Ал биыл тамшылатып суару тәсілі енгізілген 450,7 гектар жүзімнің  283 гектар алқабы 1698 тонна  өнім беріпті.  Яғни, бағбандар жүзімнің әр гектарынан  70  центнерге дейін өнім жинаған. «Жүзімнің өнім беру мерзімі  төртінші жылдан басталатынын ескерсек, аталған өнімділік жақсы көрсеткіш болып саналады» дейді сарыағаштық диқандар.