Back

Түркістан облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының хабарлағанындай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы Туған жер бағдарламасы аясында Астана қаласымен және Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарының жастар саясаты мәселелері басқармаларымен екі жақты меморандум түзілген.

Түркістан облысында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 900-ден астам маман ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 303 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Осылайша аталған мемлекеттік бағдарламаны орындауда облыс республикада көш бастаған болатын.

Таяуда «Central Asia Monitor» газеті журналисі Сәуле Исабаева мен журналист Арман Құдабаевтың «Казахский национализм: на смену «романтикам» приходят «бунтари»?» деген сұхбаты түрлі ойға жетеледі. Кез келген адам материалмен танысқанда сұхбат алушы мен сұхбат берушінің де қазақ тілін білмейтін, типичный «қала қазақтарына» ұқсатар еді. Әу баста бұл сұхбатты орыстілді журналист алған шығар деген оймен, тұтас газеттің бетін алып жатқан материалдың соңына көз жүгірткенімде сұхбат алушы журналистің есім-сойы – Сәуле Исабаева екенін көрген соң, қала қазақтарының қазақ ұлтшылдығын қалай тәспірлейтіні мені қызықтыра түсті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бірнеше жылдан бері еліміздегі маңдайалды оқу орындарының басшылары қоғам алдында есеп беріп, көпшіліктің сұрағына жауап қайтарып келе жатқаны белгілі. Жақында еліміздегі Жоғары оқу орындарының қара шаңырағы, еңселі білім ордаларының бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор  Такир Балықбаев «Ғылым ордасының» үлкен мәжіліс залында жұртшылық алдына шығып, университеттің 2016-2017 оқу жылдары аралығында атқарған қызметінің қорытындысы және алдағы даму перспективасы туралы есепберді. Осы ретте есепті кездесуге университет оқытушылары мен студеннттері, ата-аналар мен көпшілік қауым, сондай-ақ  ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.