Back

"Біздегі саяси дискуссияда эмоция көп, ал нақты талдау аз", – дейді Ерлан Қарин. Мұны "Жас Алаштағы" мақаласынан кейін өзін жазғырған жұртқа берген жауабы деп түсіндік. Қариннің көзқарасын қабылдай алмаған әлеуметтік желідегі бірқатар белсенділер әлгі мақаладағы тұтас тезистердің ту-талақайын шығарған еді. Тоқаевтың уәзірі араға уақыт салып өзін сынаған қауымға қайыра жауап қатыпты. Оның ішінде өзін сын садағына алған Дина Елгезекке қаратып былай деген екен Қарин: 

«Жас Алашқа» монологын жариялап, «мемлекеттілік және мемлекетшілдік» төңірегінде ойланып, толғанған Тоқаевтың уәзірі Ерлан Қаринге журналист Дина Елгезек тіл қатыпты. Қариннің сала құлаш монологы: «мемлекеттілігімізді мәңгілік ету үшін әрқайсымыз шынайы отаншыл, мемлекетшіл болуға тиіспіз» дегенге негізделсе керек. Ал Дина болса, «бұған дауым жоқ, бірақ осы 30 жылда қазақ бәріне көндікті» дейді.