Back

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ тағы да кезекті дауға ілікті. Өткенде орталық президенті Жанболат Мелдешов әлдеберулерді "малға" теңеп басы дауға қалып еді. Енді жоғары шенді екі ханым "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен шетеге барып білім алатын грант иелерінің қатарынан орын алып, орталық басшынысының халық алдында түсініктеме беруіне мәжбүрледі. Дәлірек айтсақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова шетелге барып, мемлекет есебінен білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болыпты.