Back

Шардара ауданында өткен жылы бірнеше ауылдық округте бір пәтерлі 9 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 4 қабатты 40 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Жалпы ауданда 2018 жылы 8183,6 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 110 отбасы баспанамен қамтылатын болады.  Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті.