Back

Бүгін Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары мен студенттер қауымы латын графикасына көшудің тиімділігін туралы әңгіме өрбіді. Осы орайда, қоғамның талқылауына түскен латын әліпбиінің Ақордада ұсынылған нұсқасын ұжым болып тақылады.

Әлемдік білім беру жүйесінде латын алфавитінің орыны ерекше. Осыны ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосып,  Ақордада ұсынылған жаңа латын әліпбидің үлгісіне қатысты ойларын ортаға салды.

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы түктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отыр. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын беруде.