Back

Шығыс Қазақстан облысының тасқын судан зардап шеккен Өскемен, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха және Катон-Қарағай аудандарындағы жағдай тұрақтанып, тұрғындары үйлерені қайта бастады. Әкімдік, коммуналдық қызмет және еркітілердің күшімен жолдар тазартылып, аулалар реттелген. Қазіргі таңда арнайы комиссия су тасқынынан келген шығынды есептеп, тұрғын үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы ретте Аягөз ауданында тасқан судан баспанасынан айырылған 16 отбасы, Катон-Қарағай аудандағы 4 отбасы билік өкілдерінен жаңа ұйдің кілтін алғанын айта кетуіміз керек.

Аягөздің жағдайы айтпаса да түсінікті. Мұқағали жырлаған «аядай бұлақтың» аяқ астынан тулап, арнасынан асып кетуі ағайын-жұртты әбігерге салып-ақ жатыр. Елдің береке-бірлігі осындайда көріне ме деймін. Қарапайым халық та, қалталы кәсіпкер де, мемлекеттік қызметші де қолдан келгенін аянып қалып жатқан жоқ. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен бұдан бірнеше күн бұрын Өскеменде гуманитарлық бекеттер ашылған-тын. Ол жерге азық-түлік пен өзге де керекті заттар толассыз келіп түсуде.