Back

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов Талдықорған қаласындағы Шевченко көшесінің Құрманов көшесінен Қабанбай көшесіне дейінгі бөлігінде ұзаққа созылып кеткен жол жөндеу жұмыстарының барысын аралап көрді. Сол орында мердігер компаниялар «АРС-1» және «ТурГаз» ЖШС-ларының өкілдерімен жедел жиын өткізді. Айдарбек Байжанов жөндеу жұмыстарының барысын сынға алды.

Бүгінде білім саласындағы қолға алынған істердің астарына үңілместен түрлі сыни-пікір айту әдетке айналғаны жасырын емес. Осы ретте «Қала мен Дала» газеті оқырмандарының көкейіне жинақталған сұрақтарды жүйелеп, еліміздің білім беру саласында ұзақ жыл жұмыс істеп, Білім және ғылым вице-министрі қызметіне дейін көтерілген, бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ректоры қызметін абыроймен атқарып отырған білікті басшы Такир Балықбаев мырзаға қойған едік.  

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасының шаңырағы мен қаладағы №3 балалар үйінде болып, балаларға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелерді сыйға тартты.

Фейсбукты бір шолып шығайын деп компьютерімді қосып, кіріп қарасам бір сіңіліміз: «Найманнан келін алмақшымын, не болар екен? Ұлымның ұнатып тұрған қызы найман екен. Наймандармен араласып көрмеп едім» деп бір танысым сұрап жатыр екен. Құдды бір келінді Қазақтаннан емес, мұхиттың арғы жағындағы Америкадан алатындай...