Back

Жуырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде DAAD «Шығыс-Батыс диалогы» жобасының іске қосылуына арналған Фрайбург қаласының Жоғары педагогикалық мектебі (Германия), Шешен мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) қатысуымен «Халықаралық алмасулардағы күнделікті мәдениет: Жастар сәні – жаһандану және көркемдік тоқыма» халықаралық жастар семинары ашылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы  қазақстандықтардың рухын оятып, санасына сілкініс туғызды. Шындығында да, бұл біздің көптен бері көкейімізде жүрген қазақ халқының тағдырына қатысты терең ойлар. 

Таяуда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында «Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамасы мен тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.