Back

Жуырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде DAAD «Шығыс-Батыс диалогы» жобасының іске қосылуына арналған Фрайбург қаласының Жоғары педагогикалық мектебі (Германия), Шешен мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) қатысуымен «Халықаралық алмасулардағы күнделікті мәдениет: Жастар сәні – жаһандану және көркемдік тоқыма» халықаралық жастар семинары ашылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы  қазақстандықтардың рухын оятып, санасына сілкініс туғызды. Шындығында да, бұл біздің көптен бері көкейімізде жүрген қазақ халқының тағдырына қатысты терең ойлар.