Орыстың мұнайын қазақ жері арқылы экспорттаудың төрт тиімді тұсы
Қазақстан өз территориясы арқылы Ресейдің Қытайға қарай мұнай экспорттау турасындағы келісімін 2034 жылдың 1 қаңтарынан дейін созды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мамандар келсім Қазақстан үшін тиімді болғанын айтуда. Ал қоғамдық орта агрессор ел атанған Ресеймен қандайда бір экономикалық байланысты қолдамайтыны белгілі.
Желі қолданушылар «Ресейге неге көмектесемеіз», «Өзіміз неге тасымаймыз», «КТК мұнай құбырын тоқтатқанда бізді мұнай экспортын тоқтатайық» деген ой-пікірлерін әлеуметтік желіде еркін айтылып, көсілітіп жазылып жатыр.
Иә, Қазақ қоғамының Ресейге өкпе артататын мыңдаған себебі бар. Оны бәріміз білеміз. Ал қазақ жерін көктей өтететін мұнай экспортының қандай тиімді тұстары бар екенін көпшілігіміз білмейміз. Сондықтан бұл бағытта аз-кем саралай кеткенді жөн санадық.
Біріншіден, Қазақстан Ресей мұнайынсыз Қытайға тартылған мұнай құбырын қара алтынмен толтыра алмайды. Бұл құбырмен жылана 10 млн тонна мұнай экспорттауға болады. Әзірге бізде бұл құбырды қажетті мұнаймен қамтамасыз ететін мүмкіндік жоқ.
Екіншіден, Ресейден келетін мұнайдың біраз бөлігі Павлодардағы мұнай өңдеу зауытына бағытталады. Мұның есесіне біз сол мұнайды Атасу мұнай құбыры арқылы Қытайға жөнелтіп, логистикалық шығындарды төмендетуге мүмкіндік аламыз.
Үшіншіден, «ҚазТрансОйл» компаниясы Самарадан Павлодар МӨЗ-ге жыл сайын 1 млн тонна мұнайды жеткізіп отырады. Мұндай келісімсіз Павлодар мен Шымкенттегі МӨЗ-ді қажетті мұнаймен (11 млн тонна мұнай) қамтамасыз ету мүмкін емес.
Төртіншіден, Қазақстан алдағы 2026 жылы Шымкент МӨЗ-дің мұнай өңдеу мүмкіндігін екі есеге арттыруды көздеп отыр. Қазір аталмыш зауыт жылына 6 млн тонна мұнайды өңдесе, 2029 жылы оны көлемі 12 млн тоннаға жеткізу көзделген. Мұндай жағдайда Шымкенттегі зауытқа қомақты қара алатын қажет болады.
Қазақстан мұнай мен газға бай болғанымен оны өңірлерге жеткізетін логистикалық инфрақұрылымы тиісті деңгейде дамымаған. Соның кесірінен осындай жағдайға тап болып отырмыз.
Сол себепті мұнай-газ саласының мамандары Ресейдің жыл сайын Қазақстан арқылы Қытайға саудалайтын 10 млн тоннасы әзірше еліміз үшін де тиімді болып тұрғанын мойындауға тиіспіз.
Тағы оқыңыз:
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Астанада мәдени іс-шаралар өтті
Түркістан облысында 4 айда 163,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген