Алматыда БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды

Dalanews 25 мау. 2022 06:42 155

Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың қатысуымен БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды. Бұған дейін БАҚ жөніндегі заңды талқылаудың алғашқы отырысы өткен болатын. Жұмыс тобының құрамының 63 мүшесі бар.

Министрдің айтуынша, заң жобасы аясында негізінен журналистің мәртебесі, құқықтық қорғалуы, мемлекеттік тапсырыс және басқа тақырыптар бойынша талқылау жүріп жатыр.

Жұмыс тобының 63 мүшесінен өзге сарапшылар да қатысып жатыр. Сарапшы болып қатысуға ешқандай шектеу жоқ,  бәрі қатыса алады. БАҚ жөніндегі заң айқын талқылану керек.

Министр әлеуметтік желіні қолданушылар да ақпарат таратумен айналысып жатқанын айта келе, оларға да ерекше мәртебе беру жағын қарастыратындарын жеткізді.

– Қазір әлеуметтік желіде көптеген пабликтер журналистер сияқты ақпарат таратып жүр. Жұмыс тобындағылар оларға БАҚ коммуникациясы деген мәртебені қайтаруды қолдап отыр. Екінші жағынан журналистер мамандығы жоқ ондай алаңдармен өздерін шатастырғысы келмейді және бөлек журналистік мәртебе берулерін сұрап тұр. Талқылаудан кейін бір тоқтамға келуіміз қажет, – деді ол.


Асқар Омаров журналистер неге баспана бағдарламасына және басқа да жеңілдіктерге ие бола алмай отырғанын айтты.

– Қазір журналистердің кейбірі мемлекттік БАҚ-та істесе, тағы бірі жекеменшікте жұмыс істеп жүр. Қазір журналист деген кім екенін нақтылап алуымыз керек. Журналистерді әлеуметтік бағдарламаға енгізсек, ертең жалған журналистер көбейіп кетеді. Редакцияға тіркеліп, жалған куәлік алып алатындар шығады. Журналистік дипломы бар адам журналист пе, әлде осы салада бес жылдан кем емес жұмыс істеген адам журналист пе? Міне қазір осы жағын нақтылап алуымыз керек, – деді министр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x