Түрік кәсіпкерлері Қарасай ауданында екі зауыт ашылды

Dalanews 01 қаз. 2021 10:55 260

Алматы облысында салынған инвестициясының жалпы көлемі 2,5 млрд. теңге болатын екі жаңа кәсіпорын ашылды. Атап айтқанда, алғашқы зауыт тұрмыстық электр және газ плиталарын өндіретін «АТТЗ» ЖШС кәсіпорны. Ол жылына 200 мың плита шығара алады, 200 жаңа жұмыс орнын құрып отыр. Ал екіншісі «Якар» ЖШС кондитерлік фабрикасы. Мұнда жылына 6 мың тонна өнім шығару жоспарланған, соның 2,4 тоннасы – шоколад, 3,6 тоннасы карамелдер мен мұз кәмпиттер. Екі кәсіпорын да Қарасай ауданының аумағында орналасқан. Өнеркәсіп орындарының ашылу салтанатына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, газ және электр плиталарын өндіретін зауыттың жобасын Түркияның алдыңғы қатарлы компанияларының бірі «Femas Metal Sanayi ve Ticaret A.S» «Almaty Turmystyq Tehnika Zavody» ЖШС-мен бірігіп жүзеге асырды. Бұл компания асүйге арналған электр және газ плиталарын өндіруші көшбасшылардың қатарында және оның Түркияда 40 жылдық тарихы бар. Қазір компания 6 құрлықта 130 елде өз өнімдерін шығарып, өткізуде. Соның ішінде кіріктірілген және жеке тұратын (газ және электр) духовкалар, үстел плиталары, асүй сорғылары да бар. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде Алматы облысында осы бағыттағы импорт алмасу азаяды.

«АТТЗ» ЖШС бас директоры Абдулқасым Сойыркасаның айтуынша, жаңа кәсіпорын газ эәне электр плиталарын, пешке арналған құрылғылар шығаруға маманданған. «Technodom», «Sulpak», «Mechta», «Fora» және басқа да ірі сауда үйлері компанияның дистрибьютор серіктестері ретінде жұмыс істеуде. 5 фирмалық сауда нүктесі және бар. Бұл жаңа зауыт Жармұхамбет ауылында орналасқан.

«Якар» ЖШС құрылтайшысы Якар Женгиз о баста жұмыс жалға алған ғимаратта басталғанын айтты. Бұдан кейін өз ғимараттарын тұрғызып, жаңа фабриканы сонда орналастырған. Қазіргі кезде мұнда 50 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 90-ға жеткізілмек.



Еске салсақ, «Якар» ЖШС - Қазақстандағы, сол сияқты Орта Азиядағы кондитер өнімдерін шығарушы ірі компаниялардың бірі. Қазіргі кезде кәсіпорында тәттілердің көптеген түрі – карамель мұз кәмпиттері, шоколадты кәмпиттер, батондар, драже (арахис) т.б. шығарылады.

Бұл ретте облыс әкімдігінің қолдауымен «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобаға газбен және электрмен қамту жағынан қолдау көрсетілген.

Өткен жылдың ақпан айында облыс әкімі Амандық Баталов асүйге арналған газ және электр плиталарын өндіретін зауыттың құрылысы туралы мәселені түрік инвесторларымен бірге отырып талқылаған болатын. Сол кездесудің нәтижесінде бүгін кәсіпорындар іске қосылды, инвестиция тартылды, әлемдік атағы бар сапалы өнім шығару жол қойылды, тұрақты жұмыс орындары құрылды. Түркиялық серіктестерге экономикалық маңызы бар осы жобаларды іске асыруға  Алматы облысының әкімдігі, ҚР СІМ, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдар барынша қолдау көрсетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x