ВТБ Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын жандандыруға кредит берді

Dalanews 09 қар. 2021 09:34 254

Атырау мұнай өңдеу зауыты («АМӨЗ») мен ВТБ тобы АМӨЗ-ді қаржыландыру туралы кредиттік келісімге қол қойды. Кредит сомасы 38,2 млрд рубльді құрайды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің корпоративтік кепілдігін шығарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Банк ВТБ (Қазақстан) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражат зауытты жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруға «Қытайдың экспорттық-импорттық банкінен» алынған валюталық қарызды қайта қаржыландыруға бағытталатын болады.

Өз кезігнде Орталық Азиядағы операциялар жетекшісі, ВТБ аға вице-президенті Айдар Қалиев бұл жайындағы ойын былайша жеткізді:

– АМӨЗ-мен кредиттік мәміле ВТБ тобы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК арасындағы әріптестік қатынастарды тереңдету жөніндегі маңызды қадам болып табылады, олардың одан әрі дамуы үшін негіз қалайды және топ компанияларына рубльдік қарыз алудың перспективалы және ауқымды нарығына жол ашады. Қазақстанның мұнай-газ секторындағы ВТБ үшін ең ірі болып табылатын осы мәмілені іске асыру Банктің қазақстандық компаниялар үшін инновациялық қаржылық шешімдер ұсыну бойынша көшбасшылық ұстанымдары мен кең мүмкіндіктерін растайды, – деді Айдар Қалиев.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев:

– Мәміле пандемия кезінде жүргізілді және сыртқы қиындықтарға қарамастан уақтылы және сәтті жабылды. ВТБ-мен жасалған келісім бізге ҚМГ тобының кредиттік портфелін оңтайландыруға және әртараптандыруға және жалпы валюталық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік берді, – деп ойын ортаға салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x