Ірі қара малдың саны артты

Dalanews 08 қаз. 2021 14:23 289

Түркістан облысында биылғы жылдың 8 айында Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 405,6 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 170,2 млрд. теңгені, мал шаруашылығы – 230,8 млрд. теңгені құрады. Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 144,1 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 556,5 мың тонна – сүт, 158,3 млн. дана – жұмыртқа өндірілді.

Облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 3,3% көбейіп, 1,15 млн басты, қой мен ешкі – 5,1 млн. басты, жылқы – 385,2 мың басты, түйе – 37,9 мың басты немесе 110,2% құрады.

Жыл асынан бері өңірде 407,7 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері көш ілгері. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 180 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,0%) өнімінің нақты көлем индексі – 99,6%, немесе өнім көлемі 187,7 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 34,9 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі – 118,1% құрады. «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау» саласында 5,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,3% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн – 9,8%-ға (139,5 мың тонна), төсек жаймалар – 1,5 есеге (11,5 мың дана), жылу қуаты – 29,8%-ға (283,9 мың. гкал.) артты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x