Cоңғы жаңалықтар
Back

Құрылыс компанияларына құрылысшы жетіспей жатыр

Еліміздегі құрылыс компанияларының 78% немесе төрттен үшінен астамы кадрларға мұқтаж. Бұл туралы Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлімдеді. Олар жүргізген сауалнамаға 24,5 мың кәсіпкер қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бүгінгі таңда жұмыс күшінің тапшылығы құрылыс саласына әсер етті. Мемлекеттік шекараның жабылуы да оған ішінара әсер етті, ол шетелдік жұмыс күшінің тоқтап қалуына әкелді. Құрылыс компаниялары 2021 жылы тұрғын үй құрылысының жоспарланған көлемінің 2 млн шаршы метрге, 17,2 млн шаршы метрге дейін ұлғаю жағына қарай өзгеруін ескере отырып, жұмысшы кадрлардағы тапшылық туралы айтып отыр, тек тұрғын үй құрылысына қосымша 80 мыңға жуық адам қажет. Бұл мектеп, балабақша, аурухана сынды нысандарға қажетті кадрлар қажеттігін ескермегенде ғана. Қажеттіліктің 45%-ы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі болып отыр. Осылайша, экономиканы қалпына келтіру бірінші кезекте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында басталады, – деді Олжас Ордабаев.

Клубтың отырысы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өтті және Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі кезеңдегі үрдістеріне, міндеттері мен келешегіне арналды.

– Пандемия әлемдік экономика мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы белгілі бір процестерді жеделдетті. Осылайша, қашықтықтан жұмыс істеу, қашықтықтан оқыту, бизнесті цифрландыру, интернет арқылы қызметтер ұсыну және тауарлар сатып алу, ресурстар мен тұтынуға ұқыпты қарау біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі даму стратегиясы осы және басқа да үрдістерді ескеруі тиіс. Жалпы, білім беру жүйесі пандемиядан кейінгі кезеңдегі даму стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы керек, өйткені ол өнеркәсіп пен өндірістік секторды білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, – деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев талқылауды қорытындылай келіп, сарапшылар айтқан ұсыныс-ұсынымдар Парламент жұмысында пайланылатыны және Ұлттық экономика министрлігі назарға алатынына сенім білдірді.

Тағы оқыңыз:

Несиенің «қара тізімінен» шығудың мүмкіндігі пайда болды