– Индира, бәрі қалай басталғанын айтып берсеңіз. Кәсіпкерлікке және өндірістік сүзгілерді өндіру – нәзікжандылардың ісі емес деп саналатын кәсіпке Сіз қалай келдіңіз?
– Мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттанушы мамандығы бойынша білім алып, 2007 жылы тәмәмдадым. Одан кейін студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша Польшаның Познань қаласында төрт жыл оқыдым, алғашқы жылы поляк тілін оқып үйреніп, келесі үш жылында магистратурада білім алдым.
Екінші курста оқып жүрген кезімде мен жұмыс іздей бастадым және оны Қазақстандағы студент кезімде басталған нетворкинг арқылы таптым. Мен ЕҰУ студенті болып жүрген кезімде Польшада оқуымды жалғастырамын деп шештім. Сондықтан мен соңғы курстарда осы елмен байланысты барлық мағлұматтарды белсенді түрде зерттей бастадым.
Төртінші курста студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша Польшадан Вероника есімді студент келді, мен оған біздің елге бейімделуіне көмектесу үшін қолұшын создым. Мен Польшаға барған кезде, ол да маған көмектесті. Содан кейін әлгі нетворкинг өз жұмысын бастады. Мен Верониканың досы арқылы жұмысқа орналастым, бірақ стандартты түрде емес. Мәселе мынада – «Remark-Kayser» компаниясы (Еуропадағы өнеркәсіптік сүзгілердің ең ірі өндірушісі) біздің аумақта өз мүдделерін білдіретін этникалық қазақты іздеген, бірақ олар жігіт іздейді. Өйткені өнеркәсіптік бизнес ерлердің ісі болып саналады. Менің ойымша, бүгінде бизнесті жынысына қарай бөлудің мағынасы жоқ. Алайда, бұл қалада жалғыз мен Қазақстаннан болдым. Міне, дәл уақытында, керек жерде болу деген осы болар.
– «Саясаттану» мамандығы бойынша магистранттың Еуропадағы ірі өнеркәсіптік компанияның Қазақстандағы өкілдігінің директорына дейін жету жолы өте қызықты ғой. Осы өміріңіздің бір бөлігі туралы айтып берсеңіз.
– Ия, менің кәсіби өмірімдегі ең маңызды кезең осыдан басталады. Польшада менеджер ретінде жұмысқа қабылдандым, сол жерде мен нарықты және өнімнің техникалық сипаттарын зерттедім. Сонымен қатар, менің міндетім – компанияға Қазақстаннан серіктес табу еді.
Алайда бірнеше келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Оқуымды бітіріп, сол уақытта бір жылдан астам жұмыс істегеннен кейін мен үйді сағындым және оралуға бел будым.
Қазақстанға келдім, біраз уақыттан кейін менің бұрынғы басшыларым маған Қазақстанда өкілдікті өзім ашуды ұсынды. Менде ешқандай да сату саласында тәжірибе болған соң, бұл саланы толық түсінбедім. Әрине, мен мұндай тапсырманы орындай аламын ба деп ойландым. Осы сәтте ата-анам мен ағам маған белсенді түрде қолдау көрсетті. Олар: «Біз саған көмектесеміз!» деді. Ол кезде, 11 жыл бұрын бұл бастама мені қайда апаратынын және жұмыстың нақты ауқымы қандай екендігін білмедім. Бірақ құлшыныс пен жастық жігер өздегенін алды, мен келісім бердім.
Білесіз бе, мен қазір компанияның өкілі ретіндегі алғашқы қадамдарымды еске алғаныма өте қуаныштымын. Менің алғашқы сатылымдарымды бастан өткергенім әлі есімде. Мен адамдарға ұсынатын сүзгілердің қайда және қай жерде орналасуы керектігін тіпті білмеуші едім.
Алғашқы сатып алушыларымды менің мықты оқытушылар болды деп айта аламын. Менде сату тәжірибесі де, бухгалтерлік есеп және тапсырыс берушілермен өзара құқықтық қатынас туралы білім болмады. Мен мұның бәрін жұмыс барысында үйрендім. Күн сайын жаңа білім ағынмен ағып жатты, мен оны игеруге әрең уақыт таптым және оны бірден қолдануға тура келді.
Емтихандарға дайындалуға уақыт болмады, күн сайын оқыту және сату түріндегі емтихан болды.
Бұл жерде мен біздің поляк көшбасшымыз Стефан Добактың осы жағдайдағы сауатты тәсілін атап өткім келеді. Ол маған балық емес, қармақ берді – дайын шешімдер жоқ. Польшадан тек білікті ақпараттық қолдау ала отырып, мен «алаңда», қалай және не істеу керектігін үйрендім. Ол маған, өзін-өзі жүзеге асыру деген – басты мүмкіндікті берді деп ойлаймын. Менің адами қасиеттеріме назар аударғанына ризамын, өйткені менде ешқандай тәжірибе болған жоқ. Стефан Добак мен үшін басқарушының үлгі-өнегесі болды. Ол маған ештеңені мақсатты түрде үйреткен жоқ. Мен оның әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ететінін және не айтатынын бақыладым. Мен оның өмірмен байланысын, адамдармен қарым-қатынасын түсінуге тырыстым. Мен өзім жетекші болған кезде, ұқсас жағдайларда оның мысалдары менің ойымда пайда бола бастады. Ол менің бизнес әлеміне бағыттаушым болды, он кісінің тәлімгерім болғанына менің жолым болды деп айта аламын.
– Еразаматтың ісі болып саналатын бұл бизнесте гендерлік мәселелер туралы пікірлер кездестірдіңіз бе?
– Он жыл бұрын біздің көзқарасымыз қазіргіден әлдеқайда консервативті болды. Мен еразаматтармен іскерлік кездесулерге келген кездерімді күлімсіреп есіме түсіремін, олар кіп-кішкентай жас қызға аң-таң болып қарап: «Өкілдіктің директоры сіз бе едіңіз?» деп қайталап сұраушы еді. Мен өзімнің құзыреттілігімді дәлелдеуіме тура келетін еді. Енді, әрине, қазіргі таңда бізде бәрі басқаша, менің кәсібім мен дәрежем мұндай таңқалушылықтарды туындатпайды.
– Өз бизнесіңді ашу, әсіресе өндіріс құру үлкен инвестиция қажет етеді деген пікір бар. Тәуекелге етіп қаржыңызды бизнеске салдыңыз ба және олар қаншалықты ақталды?
– Мен өз тәжірибемнен айтайын, ең бастысы – идея мен жұмыс істеуге деген ұмтылыс деп айта аламын. Ең аз мөлшердегі қаражатпен немесе тіптен қаражатсыз да бастауға болады. Мысалы, алғашқыда поляк тарабы бізге жалақы төлеп, шағын кеңсе – бір компьютер мен телефоны бар пәтер жалдады.
Біз өнімдерімізді сата бастағанда, бірінші жылдың ішінде біз өзімізді-өзіміз қамтамасыз ете бастадық. Жастық жігер мен құлшыныс қорқыныштан арылуға және нәтижеге қол жеткізе отырып, өз жұмысымызды жасауға көмектесті. Сізді не күтіп тұрғанын нақты білмесеңіз де, сіз тек қана алға ұмтыласыз!
– Бүгінгі таңда бизнестің едәуір бөлігі қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Коронавирус сіздің жаңа ашылған зауыттың жұмысына қалай әсер етті?
– Пандемия кезінде бізге көбірек тапсырыс келе бастады деп айта аламын. Бұл коронавирусқа байланысты кәсіпорындардың жұмысына қойылатын жаңа талаптарға және қауіпсіздікке жауап беретін кәсіп иелері мен инженерлердің денсаулыққа деген көзқарасының өзгеруіне байланысты.
Егер бұрын инженерлер сүзгіні шаңнан тазартып немесе жуып ғана қойса (бұл оның сипатына әсер етеді), бүгінде оның салдары қандай болатынын түсінеді. Бұрын сүзгілерді сатып алу кәсіпорындардың қаржылық шығындары тұрғысынан жиі қарастырылатын. Бүгінде олар өз қызметкерлерінің денсаулығын бірінші орынға қойды. Қоғамда қалыптасқан жолға қарамастан орын алып жатқан бұл өзгерістер бізді қуантады.
Біз материалдардың еуропалық сапасымен, жедел жеткізілу мерзімімен және жақын орналасуымен ерекшеленеміз, өйткені Қазақстанда 2019 жылдан бастап өз өндірісіміз бар. Біз Қазақстандағы өнеркәсіптік сүзгілерді бірінші және бүгінгі таңда жалғыз өндіруші болып табыламыз. Бұл байланыс орнатуға және сатып алушылардың сұрақтарына жедел жауап беруге көмектеседі, тіпті керек болса поляк тарапымен телекөпірлер ұйымдастыра аламыз.
Алдағы жылы біз еліміздегі өнеркәсіптік сүзгілердің жетекші жеткізушісі болуға ниеттіміз.
– Егер сіздің мансабыңыздың бастапқы кезеңінде сіз құлшыныс пен ынта-жігерді басшылыққа алсаңыз, сізді іскер әйел ретінде және тұлға ретінде қалыптасуға не түрткі етеді?
– Қазіргі уақытта мен үшін өз бизнесімді ғана емес, тұтастай алғанда өзімді қайта қарау кезеңі келгенін атап өткім келеді. Менің түйіндегенім – біз істей аламыз! Мен істей аламын!
Егер бұрын мен әлемге бір нәрсені дәлелдегім келсе, енді өзім үшін дәлелдеймін. Бүгінгі таңда мен нағыз үлкен бизнесті дамыту жолына түстім. Мен бұған дайынмын ба деген сұрақ қоя отырып, мен «иә» деп сенімді жауап бере аламын. Мен бала кезімнен бері үлкен нәрсені армандайтынмын – ауылым, ауданым, облысым, елім үшін маңызды нәрсе жасау. Балалық армандарға оралып, оларды жүзеге асыратын кез келді!
– Әр кәсіпкер оқуы керек деп ойлайтын кітапты атасаңыз.
– Менің анам кітапханашы болып жұмыс істеді, әрине, біздің үйде кітапқа табынушылық бар. Біздің үйде көп оқимыз және әр түрлі әдебиеттерді, әлемдік классиканы, әрине, бірінші кезекте қоямыз.
Кітап оқу арқылы мен әртүрлі мәдениеттермен таныстым және кішкентай кезімнен кітаптарда оқыған оқиғалар болған жерде болуды армандайтынмын. Солай «Күлетін адам», «Шеттетілгендер» туындыларын авторы Виктор Гюгоның отанын көрдім, Микеланджелоның өмірі туралы оқып, Флоренцияға бардым. Владислав Реймонттың «Уәде жері» жазылған қалада оқыдым.
Кәсіпкерлікті енді бастаушыларға арналған бизнес кітаптардан Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» мен Манконың «Қаржыны басқару», сондай-ақ Дэн Кеннедидің «Қатал басқару: адамдарды нәтижеге жұмыс істету» шығармаларын оқуға кеңес беремін. Жұмысқа алу сұхбатында менің сүйікті сұрағым оқуды ұнатасыз ба? Біздің елдің адамдары көп оқып білімді болғандарын қолдаймын, мұндай адамдар әрдайым алға ұмтылып, үнемі дамып, ең бастысы өзімен жұмыс жасап отырады.
– Бір жарым жыл бұрын MyBusiness.kz редакциясына берген сұхбатыңызда сіз өз отбасыңызға қалағаныңызша көп уақыт бөле алмайтыныңызды айттыңыз. Бұл жағдай бүгінде қалай өзгерді және өзгерді ме?
– Ия, бүгінгі таңда мен тепе-теңдікті таба алдым. Жұмыс күндері мен жұмыспен айналысамын, демалыс күндері менің отбасыма тиесілі. Білесіз бе, бізге осы алтын ортаны қалай табуға болатындығын ешкім үйретпейді. Әдетте, екі қарама-қарсы пікір бар – сіз үйде отырып, балаларды тәрбиелеуіңіз керек, немесе сіз жұмыс істеп, дамуыңыз керек.
Егер бизнесте менің тәлімгерім болған болса, ал отбасылық өмірде маған ешкім бұл процесті үйлесімді түрде қалай ұйымдастыруға болатындығын түсіндірмеді. Өткен жылы, жеке ойларымды саралауға арналған жылы, мен үнемі тек жұмысқа беріліп кетпеу керектігін түсіндім.
Коронавирус менің ойымша көптеген адамдарды тежеді. Құндылықтарды жаһандық қайта бағалау болды. Мен өз өмірімді бөліктерге бөлмей, өзімді тыңдап, өмір сүрудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Бизнес, отбасым және менің ішкі тілектерім – бұл менің бөліктерім, сондықтан оларды бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Мақсат – оларды біріктіру, үйлесімді сурет құру. Бұл үшін барлық ресурстар біздің қолымызда.
Мен бұл түсінікке бірден келген жоқпын, 2020 жылы жеке өсудің түрлі әдістері мен диагностикалық белсенді түрде зерттеулерінен кейін келдім. Егер мен осы уақытқа дейін өзімнің жетістіктерімнің шыңындамын деп ойлаған болсам, бүгін бәрі енді басталып жатқанын түсіндім. Қазіргі уақыттың үлкен пайдасы - мен барлық іс-әрекеттерге саналы түрде қараймын. Мен өз сұраныстарымды қалай дұрыс құруға болатындығын үйрендім. Дұрыс сұрауды немесе дұрыс тілеуді білгенде, жауаптар мен қажетті нәтижелер (адамдар, жағдайлар, мысал ретінде) сізді өзіне тарта бастайды. Мен бұл дүниені бағындыруды армандаған кішкентай қызды қайтадан өзімнен таптым.
– Осы кішкентай қыздың атынан жас кәсіпкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
– Арманыңызға опасыздық жасамаңыз, көріңіз, әрекет етіңіз! Альберт Эйнштейн айтқандай: «Өмір велосипедпен жүру сияқты. Тепе-теңдікті сақтау үшін үнемі қозғалу керек». Әлемге ашық болу керек, адамдармен араласып, үнемі білім алу керек.
Егер бірдеңе білмесең, сұрақтар қоюдан қорықпау керек. Ең ақымақ сұрақ - қойылмаған сұрақ. Ең бастысы – ешқашан ақша үшін ақша жасамаңыз. Пайдадан жоғары сіздің ішкі күйіңізге және өзіңіздің құндылықтарыңызға байланысты мақсат тұру керек. Басқаша айтқанда, поляк тілінде, бәрі жасанды болады. Шынайы болыңыздар!