Ақтаулық фермер ешкі сүтінен түрлі өнім шығаруда

Dalanews 30 нау. 2021 16:42 298

Ақтаулық фермер Руслан Жинкиннің қорасында 40-тан астам ешкісі бар. Сүтінінен өнім дайындап, өңір жұртшылығына жеткізіп отыр. Алдағы уақытта басқа аймақтарға сатылымға шығаруды жоспарлауда, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметііне сілтеме жасап.

Өмірзақ ауылының тұрғыны Руслан Жинкиннің кәсібі ауылдастарына етене таныс. Себебі, емдік қасиеті мол өнімге сұраныс көп. Ешкі сүті ағзаға сіңімді, иммунитетті нығайтып қана қоймай асқазан ауруларына да пайдасы мол. Шаруа сүтті залалсыздандырғаннан кейін пластик құтыларға құяды. Сыртына шаруа қожалығының мәліметтері көрсетілген қағаз жапсырады. Дайын өнімді облыс орталығындағы базар мен дүкендерге жеткізеді.



– Менің басты мақсатым-мал шаруашылығымды дамыту. Қазір сүттен бөлек, сүзбе ірімшік, йогурт секілді өнім түрін шығарамыз, – дейді кәсіпкер.


Кәсіпкердің айтуынша, жаз айларында әрқайсысы 2,5-3 литр сүт береді. Фермер бұдан бөлек, 450-ден астам қой бағып отыр. Саңырауқұлақ өсіріп, өнімін дайындайды. Сондай-ақ, тандыр нан пісіріп, тәулігіне облыс орталығындағы дүкендерге жеткізеді. 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алға қойған жоспары көп. Балық шаруашылығын да қолға алып, шаян өсіру жоспарында бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x