Halyk Bank-тың смартфондағы POS-терминалы ыңғайлы, әрі тиімділігімен жұртты қызықтыруда

Dalanews 13 желт. 2020 07:24 211

Еліміздегі жетекші қаржы ұйымы саналатаын Halyk Bank өзінің тұтынушыларына сапалы қаржылық қызмет көрсетуді басты орынға қойған. Бүгінде банктың смартфонда байланыссыз төлемдерді қабылдауға қолайлы – Halyk Pos қосымшасын (SoftPos технологиясында) коммерсанттар, шағын және микро-бизнес өкілдері арасында кең танымал қосымшаға айналды.  

Байланыссыз төлемдер технологиясына негізделген Halyk Pos қосымшасы NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосалқы жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді.

Ол шағын сауда-сервистік кәсіпорындар үшін арналған және оларға контактісіз төлемдерді смартфонның көмегімен қабылдауға мүмкін береді. Жаңа қосымша сауда-сервистік желіде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтып, кәсіпкерлердің клиенттер базасын көбейтуге және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік беруде.

Halyk Bank Транзакциялық бизнесі департаментінің директоры Гүлсім Душатова:

– Halyk Pos қосымшасы қолма-қол төлемдер бойынша, мысалы, инкассацияға шығындарды қысқартуға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қабылдауға мүдделі микро және шағын бизнеске арналған. Жаңа шешім контактісіз төлемдер қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне қосылуға шығындарды төмендету арқылы кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға жол ашады. Бөлшек сауданың клиенттері де, өз кезегінде, контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу мүмкіндігіне ие болады, – дейді білікті қаржы маманы.


Жанасусыз төлем технологиясы арқылы төлемдер қабылдауға қосылу үшін кәсіпкер Halyk Pos қосымшасын жүктеп, Halyk Bank-пен эквайринг шартын бекітуі керек. POS-терминалды толығымен алмастыра алатын Halyk Pos қосымшасын орнатып, сіз контакісіз POS-терминалдың барлық функцияларына қосымша құрылғыларсыз қол жеткізе аласыз.

Негізгі артықшылықтары

  • POS-терминалдың орнына смартфон, қосымша жабдық сатып алудың қажеті жоқ

  • Контактісіз төлемдер қабылдау 24/7

  • Кез келген банк картасымен төлеу және смартфон арқылы төлеу

  • Операциялар туралы нақтыланған есептілік

  • Төлемдер қабылдау бойынша заңнаманы сақтау

  • Барлық банктердің клиенттерін қосу


Функциялары

  • Кез келген банктердің карталары бойында (Visa, Mastercard және Union Pay) төлемдер қабылдау

  • Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы смартфонмен төлемдер қабылдау

  • Төлемдерді болдырмау және кері қайтару

  • Электрондық чектерді жөнелту

  • Операциялар бойынша тізімді және ерекшеліктерін қарау



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x