Министр зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге уәде берді

Dalanews 10 нау. 2020 05:06 188

Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында теңгенің жаңа бағамы мен инфляцияға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге уәде берді.

– Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек индекстеледі. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмек бағасы, азаматтардың шетелде ем алу бойынша шығындары да индекстелуі қажет болады, – деді Әлихан Смайылов.


Қаржы министрінің айтуынша, Үкімет республикалық бюджеттің шығындары қысқарады.

– Қай бағытта оңтайландыратынымыз белгілі. Біріншіден, қымбат көліктер мен жиһаздар, форумдар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу мәселесі. Бұл іс шараларға қанша қаражат жұмсалатыны есептелді. Екіншіден бюджеттен қаражат бөлінуі қажет жобаларды кейінгі қалдыра тұруға болады, – деді Смайылов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x