Қазақ жастарының жобасына АҚШ 40 млн доллар инвестиция салмақшы

Dalanews 28 ақп. 2020 06:22 151

Нью-Йорк қаласындағы кәсіпкерлікті дамыту инстиуты (YEDI)  қазақстандық FineFlot стартабын инвестиция салу турасында шешім қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласындағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Алатау» инновациялық паркінің баспасөз қызметі тау-кен саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған стартап 40 млн долларға бағаланғанын алға тартты.

Нью-Йорк қаласында кәсіпкерлікті дамыту инстиуты дүниежүзінде жетекші бизнес-акселератор екенін айта кетуіміз керек. Қазақстандық мамандар дайындаған жаңа технология тау-кен саласы өндірісінде пайда болған өндірістік қалдықтардан өте ұсақ дисперстік минералдарды бөліп алуына мүкіндік туғызып отыр.


Мамандардың айтуынша, жаңа технологияның көмегімен сирек кездесетін көлемі 50 микронға дейінгі ұсақ минералдардың өндірістік қалдықтардан бөліп алуға мүмкіндік беретінін алға тартты.

Алдағы уақытта американдықтар FineFlot қазақстандық стартапты өндірістік сынақтан өткізіп, қосымша 7 млн доллар бөлуді көздеп отырғаны белгілі болды. Әзірше стартапты жасаған жастар қажетті сертификат пен патенттерді алу үшін әрекет етуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x