Ермегияев Президентке жалған ақпарат берілетінін айтты

Dalanews 03 мау. 2016 04:51 339

Астана қаласында өтіп жатқан "Астана ЭКСПО-2017"ҰҚ" ісі бойынша айыпталушыларға ақтық сөзін айтуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Сөз сөйлеу құқығын барлық айыпталушылар қолданды.

Көптеген айыпталушылардың жүйкесі сыр берді. Соның ішінде Мәдина Дәулетбаева көзіне жас ала отырып өзіне қатысты әділ шешім шығаруды өтінді. Айта кетейік, оған сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау және меншіктеу айыбы тағылып, жалпыға бірдей колонияда сегіз жыл бойы жазасын өтеуі мүмкін.

Дәулетбаеваға жеңілдетілген жазаны тағайындауды басқа да айыпталушылар да өтінді. Біреулер оны жақсы білетіндігін, біреулер оның ешқандай қылмыс жасамағандығын алға тартып, қатаң жазаға лайық емес, деп жатты.

Ал, басты фигурант өзін нық әрі еркін сезінді.  Ол өзінің ақтық сөзінде, өзіне қатысты куәлік етуші айыпталушылар жеңіл жаза алу үшін өтірік куәлік етіп жатыр деді.

"Мені өзім жасамаған қылмыстар үшін қудалауда. (...) Мемлекеттік қызметте талай жыл еңбек еткен адам ретінде, сенімдімін, олар  бұл процестің мән-жайын біледі. Сенімді түрде айта аламын, Президентке жалған ақпарат беріледі, сондай-ақ мына айыптауларда жалған. Олар Президентке өздеріне ыңғайлы ақпаратты ғана береді. Елбасының біздің әрекеттеріміздің мемлекетке зардабын тимегенін білмейтініне сенімдім. ЭКСПО-ға жасалған барлық шаралар, еліміздің пайдасы үшін жасалды. Қазір сотта расталмаған көп айыптаулар тағылды,айыптау базасында күңгірт дүниелер көп", - деді Ермегияев.

Айта кетейік, фигуранттың ақтық сөзінен кейін залда қол шапалақтаулар болды.

Басты фигуранттың қорғаушысы Данияр Қанафин сотқа өзінің қорғап отырған адамға тағылған  яғни пара алғандығын, ақша жымқырды және мемлекетке залал келтірді деген айыптулардың ешқайсысы дәлелденбегенін алға тартқан.

Естеріңізге сала кетейік, Прокурор Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған үш эпизод бойынша, "Аса ірі көлемде пара алу" және "Өзгенің мүлкін аса ірі көлемде иемдену мен шашу" айыбы тағылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x