Еркін балуан және Күнесте өткен "Қазақ күресі"

Dalanews 28 мам. 2016 06:57 437

22 мамыр күні Қытайдың Іле аймағы Күнес ауданы Нарат қалашығында ел ұмытпас, ұлт рухын жанып, жастарды береке мен бірлікке шақырарлық мәнге ие шара өтті. Жауырыны жер иіскемеген балуан, 300-ге жуық шәкірт тәрбиелеп, алды Олимпиада жарыстарына қатысып, Әлем, Азия чемпионаттарында топ жарған, Қытай ішілік күрес жарыстарында қазақтың бұла күшін мойындатқан намысқой балуандарды баптаған жаттықтырушы Еркін Дәуітханұлының ерен еңбегін елге насихаттау мақсатында қазақ күресінен «Бапкер» атында жарыс өтті. Бұл шараға Қытайдағы Гансу өлкесі Ақсай ауданы, Іле, Алтай, Тарбағатай, Санжы аймақтарынан және "Қазақ күресі" қоғамдық бірлестіктері мен Шынжаңдағы қазақ көп шоғырланған аудандардан 17 команда келіп,  қазақ және өзге ұлттардың даңқты бапкерлері шақырылды.

[caption id="attachment_16172" align="alignright" width="375"]image (19) Жарыстың ашылу сәті[/caption]

Жер-жерден келген балуандар түйе балуан, бота балуан номинациялары бойынша бақ сынасып, жүлделі орындарға ие болды. Нағыз атты азамат «түйе балуан» атанса, Ақжол есімді бозбала «бота балуан» деген атаққа ие болып, қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Әрі олар алдағы жарыстарға нық сеіммен айрықша дайындалып, Еркін Дәуітханұлының сенімін ақтайтындарына серт берді. Қазақ балуандарының әлемге, Қытайға танылуына ерен үлес қосқан бапкерге шәкірттері темір тұлпар мінгізіп, шапан жапты.Сондай-ақ, аты күллі Қытайға мәлім Солтыкен Көкішұлы мен оның замандасы, өмірден ерте озған балуан, білікті бапкер Рахым Мұтажыұлының отбасын шақырып, арнайы ат мінгізіп, дәрібін асырды. Солтыкен Көкішұлы ұйымдастырушыларға рахметін айтып, мұндай шаралардың ердің ғана емес, елдің беделін арттыратынына тоқталды.

image (7)Бұл шараны бапкердің жерлестері, Күнес ауданы әкімдігі мен Нарат қалашығы әкімдігіндегі ұлтын сүйетін азаматтар жебеп, бизнес саласында табысты еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер демеп, Еркін Дәуітханұлының шәкірттері бір кісідей жұмылып, бірінің сөзін екіншісі қолдау арқылы зор ілтипатпен өткізді.

Алыстан қонақ шақырып, ел абыройын асқақтатуға жәрдемдескен, жарыстың өлкелік деңгейде өтуіне қаржылай қолдау көрсеткен Нұрданәлі, Темірбек, Нұржан, Қиясбек, Жүрісбек, Сарқыт, Бақай, Әбдіқазен бастаған азаматтардың еңбегі бір төбе. Бұл азаматтар осындай елдік маңызы бар шараларға үнемі жомарттық танытып жүретіндігін осы жарысты ұйымдастырушылар ілтипатпен айтады.

[caption id="attachment_16174" align="alignright" width="706"]image (17) Нарат қалашығындағы жарыс басталар шақ[/caption]

Көрікті Күнес топырағы, Қытайға ғана емес, әлемге аты жайылған туристік аймақ Нарат сахарасы сол күні Қытайдағы өңкей нар тұлғалы балуандар басы қосылып, ән-жырға кенеліп, өзгеше бір мейрамдық көңіл-күйге бөленді. Бұл өлке – ән мен күй, жыр мен халықтық эпостардың мекені. Таңжарықтай ақын, Әшімдей күйші, Ермұраттай бесаспап дарын иесін тудырған өлкеден әр сала бойынша шыққан дара таланттар жетерлік. Дүниежүзі бойынша жер көлемі негізімен қарағанда қазақ ең көп орналасқан аудан екені әмбеге аян. Күнестен түлеп ұшқан саңлақ спортшылардың да қарасы мол.  Оған Рахым Мұтажыұлы, Сұрабалды Ахметұлы, Еркін Дәуітханұлы бастаған алдыңғы торлқы, олардың ізбасарлары – Әлнұр Төргеұлы, Нұрмәділ Жұмағазы, Нұрлан Дәулетхан, Дәуітнұр Төргеұлы секілді балуандарды атауға болады. Олар аймақтық, өлкелік және Қытай бойынша біріншіліктерінде, сондай-ақ әлемдік жарыстарда топ жарғанын сол жақтағы ағайындар жақсы біледі.

[caption id="attachment_16177" align="alignright" width="175"]image Солтыкен Көкішұлы мен Нұрлан Дәулетхан[/caption]

Балуанның мерейтойына жиналған Күнес жұртшылығында қисап жоқ. Бірі Еркін балуаннан баласына бата сұраса, екіншісі аты аңызға айналған балуандарды көріп, ауылына шақырып, мәре-сәре болысты. Құдды бір Қажымұқан мен Балуан Шолақты алқаған байырғы жұрт секілді, «Өңкей даңқты балуандар келеді екен» десіп, жарыстың көркін қыздырып, балуандар жарысына асыққан елдің қарасы мол. Олар кәсіби күрес мамандарының пікірлері мен әділ бағаларына разы болысып, жауырыны қақпақтай азаматтардың шын айқасына куә болды.

Бұл шараны ұйымдастыруға ұйытқы болғандар – күрестен жаттықтырушы, балуанның досы, өзі де талай шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз, қазақ күресінің дамуына зор үлес қосып жүрген Сұрабалды Ахметұлы мен Еркін балуанның төл шәкірті, Қытайда бірнеше мәрте «Қазақ күресін» өткізіп, осы күрес түрінің арғы бетте жалпыласуына мол еңбек сіңіріп жүрген белгілі балуан, елге сыйлы азамат Нұрлан Дәулетхан екенін бөле-жара атауға тиіспіз.

[caption id="attachment_16189" align="alignleft" width="281"]1112 Еркін Дәуітханұлы Мен Нұрлан Дәулетхан[/caption]

Одан бөлек, Қайнар Әкімжан, Нақысбек Дәулетхан, Нұрмәділ Жұмағазы, Нұркелді, Ербол, Серікқали, Дәуітнұр бастаған, басқа да елге есімі таныс балуандар белсенділік танытып, ұстаздарының атындағы жарыстың ойдағыдай өтуіне ат салысқанын айту парыз.

 

[caption id="attachment_16175" align="alignright" width="717"]image (2) белгілі балуандар: Әлнұр Төргеұлы, Еркін Дәуітханұлы, Нұрлан Дәулетхан[/caption]

Еркін Дәуітханұлы кім? Біз әуелі балуанның өміріне қысқаша тоқтала кетелік.

Еркін Дәуітханұлы 1968 жылы Іле Қазақ облысы Күнес ауданы Нарат қалашығына қарасты Қараой қыстағында дүниеге келген. 1987-1991 жыл аралығында Іле аймақтық денетәрбие мектебінде оқып, қатарынан 5 жыл бойы Шынжаң өлкесі бойынша еркін күрестен бас жүлде иегері атанған. 1991 жылдан бері өзі оқыған денетәрбие мектебінде бапкер. Оның шәкірттері Шынжаң көлеміндегі үлкен-кішілі жарыстарда 111 алтын, 72 күміс және 63 мыс (қола) медаль иегері атанған. Ішінен үздік шыққандары Қытай біріншіліктерінде топ жарып, Азия, Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар алған және олимпиада ойындарына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен. Осы кезге дейін бір өзі 250 шәкірт тәрбиелеп, Қытай қазақтарының мақтаныштарын баулыған бірден бір бапкер. Шәкірттерінен тек жақсы нәтиже ғана емес, адамдық қасиет пен адалдық ұстанымын жоғалтпауды талап ететін жауырыны жер иіскемеген бапкерді өзі баулыған сайыпқырандар айрықша қастерлейді.

Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиада жарысының алауын ұстап, аз ұлттардың спорттық жарыстардағы нәтижелі еңбегін миллиардқа паш еткен спорт шеберінің бірі. Қытай мемлекетінің еңбегі сіңген жаттықтырушысы.

Замандастар мен шәкірттер пікірі

[caption id="attachment_16191" align="alignright" width="194"]image (31) Сұрабалды Ахметұлы мен Нұрлан Дәуітхан[/caption]

Еркін балуан жайлы Сұрабалды Ахметұлы балуан-жаттықтырушының Шынжаң қазақтарының ішінде кәсіби күрестің дамуына қосқан үлесі мол екенін айтып, бүгінгі таңда Қытай ұлттық құрамасында қазақ балуандарының беделді болуының бір себебі – Еркін секілді білікті бапкерлердің қажырлы еңбегі екендігіне тоқталды.

Қытай құрамасы сапынан Афины олимпиадасына қатысқан тұңғыш қазақ, жастар арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегері, даңқты балуан, Рахым Мұтажыұлының шәкірттерінің бірі Әлнұр Төргеұлы мерей иесін Іледе ғана емес, Шынжаң көлемінде кәсіби күрестің дамуына қосқан үлесі зор тұлғалардың бірі деп білетіндігін жеткізді.

Еркін балуанның шәкірті, осы жарысты ұйымдастырушылардың бірі, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қытай біріншілігінің жеңімпазы Нұрлан Дәулетхан болса, өзінің және өзге де шәкірттерінің әрбір жетістігінде ұстаздарының еңбегі барын айтады.

[caption id="attachment_16178" align="alignright" width="438"]image (5) Солтыкен Көкішұлы мен марқұм Рахым балуанның жарына ет мінгізді[/caption]

«Еркін Дәуітханұлы – бізге ұстаз ғана емес, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін берген аяулы аға бола білді. Бізден тек брі нәрсені – еңбекшілдікті, шыншылдықты талап ететін. Рушылдық, жершілдікпен ауырмаған, қандай нәрсе болса да әділдігін айтатын, ұлтын шын ниетімен сүейтін ағамыз, қамқоршымыз болды. Ол кісі көп сөйлеп, жөнсіз кеңес бермейтін, әр нәрсені ісімен дәлелдейтін жан. Біздің кішкентай жетістігімізге балаша қуанып, үнемі желпіндіріп, шабыттандырып отыратын дағдысы бар. Қазір оның шәкірттері әртүрлі салада еңбек етіп жүр. Бірақ ешқайсысы Еркін балуан туралы бөтен ой, бөгде пікір айтпайды. Бұл бапкердің туа бітті мінезінің турашылдығынан болса керек», – дейді Нұрлан балуан.

Шара соңында Күнестің құрметті меймандары мен ауыл ақсақалдары, атқамінер азаматтар жас балуандарға бата беріп, алдағы уақытта қазақ күресін үзбей өткізіп тұруға, спорт саласына үлес қосқан азаматтар мен бапкерлердің атын елге таныстырып, арнайы жүлделер тағайындауға уағдаласты.

Т. ӨСКЕНБАЙ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x