Алыстағы қандастар жер комисиясының мүшелеріне хат жолдады

Dalanews 20 мам. 2016 12:39 269

Жер мәселесі ел ішіндегі қазақтарды ғана емес, шеттегі 5 миллион қазақты да алаңдатып отыр. Мен бұны өз көзіммен көріп, шеттегі қазақтардың арыз-арманын өз құлағыммен естіп қайттым. Ежелгі қазақ жері, қазіргі иесі Қытай болып кеткен Іле қазақ облысындағы 15 күндік сапарым барысында ең көп естіген сөзім Қазақстанның тыныштығы мен жерінің амандығы болды.

Мен Іле аймағы Күнес ауданында болдым. «Елден келдің ғой» деп сөз бастап, жер дауының қалай болып жатқан білмек болған ағайынның көңілінде Елі мен Жеріне деген алаңдаушылығы басым. Олар жер шетелге жалға берілетін болса, қазақстандықтар өздерінің күйін кешетінін айтып алаңдап отыр.

Ондағы ағайын жер егер Қытайға және өзге елге жалға берілсе жерімізден айырылып қаларымызды, бір қытай жер жалға алса, 100 қытайдың ілесіп баратынын, жерді химиялық дәрілермен бүлдіріп, бүкіл қазаққа у ішкізетінін біліп отыр.

Комиися мүшелеріне сәлемін жолдаған қандастарымыздың негізгі ойлары тқмендегідей: «Жер комиссиясының құрылғаны дұрыс болған екен. Осы комиссия арқылы шетелде тұрып жатқан біздің де тілектеріміз билікке жетсе деймін. Қазақ жерін шетелдіктерге сатқанша, еңбекшіл халыққа теңдей, әділетті түрде бөліп берсе, егіншілердің еккен астығын уақтылы сатып алып, өнімді шетелге сатса, сол әлдеқайда пайдалы. Қазақ жері игерусіз қалмайды. Қазақтар жер пайдалануды білмейді емес, біледі. Қытайдағы қазақтардың көшін тежемей, барғандарға азаматтықты уақтылы беріп, егістік жер мен жайылымын берсе, 2 миллионға жуық қазақ-ақ едәуір жерді игерер еді. Өйткені, Қытайдағы қазақтардың басым бөлігі егіншілік пен мал бағуды кәсіп етіп отыр. Қытайдағы қандастарыңыз, мына біздер заманауи технологиямен мал өсіруді (бордақылау) және егін егуді жетік меңгердік. Қытайға сатқанша, Қытайдан барған қазақтардың мүмкіндігін пайдалансаңыздар, ұтылмайсыздар. Сондықтан, бұл комиссия жерді сатудан сақтауды ғана мақсат етпей, әр қазақты жердің иесі етуді көздеу керек. Шетелден болашақата атамекенге баратын халықтың жерсіз қалмауын ұмытпай, осы бастан ойластырғандары дұрыс еді. Комиссия мүшелерінің ішінде алыстағы ағайынның мұң-мұқтажын түсінетін алашшыл азаматтар біздің ұсынысымызды ойластырар деген үміттеміз» деген ұсыныстарын комиссия мүшелеріне жеткізуімді аманат етті.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x