Алматыдағы қысқы Универсиадаға 300 күн қалды

Dalanews 07 сәу. 2016 10:23 296

Универсиада – Халықаралық студенттер спорты Федерациясының (FISU) қанаты астында өтетін, халықаралық студенттер арасындағы жарыс. Универсиада 50 жылдан бері әлемдік спорт аренасында маңыздылығы бойынша екінші орында. Жарысқа 17-ден 28 жас аралығында студент-спортшыларға қатысуға рұқсат етілген. Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келе жатыр.

Осы жылдар ішінде 700 спортшы қатысып, 125 медаль иемденген.Қазақстандық сопртшылар үшін 2015 жылғы қысқы Универсиада ең нәтижелі болды. Құрама бірінші рет жылпы есепте 3-ші орын алды (5 алтын, 6 күміс). Жазғы Универсиадаға қатысқанда ең нәтижелі деп, 2007 жылғы Бангкоктағы Универсиаданы айта аламыз. Спортшыларымыз 14 медаль алды (11 орын).2011 жылдың  29-шы қарашасында Халықаралық студенттер спорты 2017 жылы Алматы қаласын 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданы өткізетін қала деп таныды.2017 жылдың 29-шы қаңтары мен ақпанның 8-і аралығында Алматы қаласында 28-інші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада өтеді. Қазақстанда спорттық шараларды өткізуде тәжірибе бар: 2011 жылы 7-ші Азия ойындары Алматы және Астана қалаларында өтті.Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып Қысқы Универсиаданы өткізбек(2013 жылы жазғы Универсиада Қазан қаласында, 2019 жылы қысқы Универсиада Красноярск қаласында өтеді).

 

  • Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 64 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.

  • Жарысты ұйымдастыруға 3 мың ерікті жұмылдырылады (шет ел мен Қазақстанның әр өңірлерінен).

  • Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шет елдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде.

  • Алматы – студенттер қаласы.Қазақстанның әрбір 4-ші студенті оңтүстік астанада білім алуда.

  • Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалайды.


СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА:

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-шіБүкіләлемдік қысқы Универсиада болады. 2017 жылғы қысқы Универсиада 12  спорт түрінен өтеді:

  • биатлон,

  • шаңғы спорты,

  • кёрлинг,

  • коньки спорты,

  • шаңғы қоссайысы,

  • шаңғымен жарыс,

  • шаңғыментұғырдан секіру,

  • сноуборд,

  • мәнерлеп сырғанау,

  • фристайл,

  • шайбалы хоккей,

  • шорт-трек.


Жарыс 8 спорт нысанында өтеді: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені. Универсиада тарихында бірінші ретспортшылар жарыс уақытында тұратын Атлеттер қалашығы болмақ.

2017 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ БЮДЖЕТІ:

2015 жылдың күзінде Универсиаданың бюджеті 2 есеге қысқарды – 32-ден 17 млрд теңгеге дейін. Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, «Мәдени Универсиада» жобасы,халықаралық PR және маркетинг, көлік шығыны (жалға алудан бас тарту), эстафета алауы, тестік жарыстар шығыны қысқарды.

17 млрд теңгенің 50%-ын қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер құрайды.

Универсиада бюджетінің басты бөлігі – халықаралық телетрансляция шығыны, хронометраж бен нәтиже көрсету. Бұл қызметтерді  FISU-дың талабы бойынша ірі шетелдік компаниялар көрсетеді.

 

GgNLxOEZ94YУНИВЕРСИАДА СИМВОЛИКАСЫ:

2017 жылғы қысқы Универсиаданың ұраны – «Қанатыңды кең серпі!», жас спортшыларды спорттың биік шыңын бағындыр дегенді білдіреді.Универсиаданың кез-келген логотипінде FISU эгидасы бойынша жүргізіліп жатқан, міндетті элемент латын U әрпі бар.2017 жылғы қысқы Универсиада логотипі жайылып тұрған құс қанаты бейнесінде: солдан жоғары көтеріліп тұрғаны биіктікті  және шыңды бағындыру деген мағынаны білдіреді.

2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы. Қазақ даласындағы мықты, еркіндік сүйгіш, жылдамдық пен ұшудың, күш пен қуаттың және жеңіске жетудегі зор талаптың белгісі. Яғни, жас спортшылардың бойындағы қасиеттердің барлығы.

 УНИВЕРСИДА ЕРІКТІЛЕРІ

Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 3000 ерікті жұмылдырылады. Олардың 100-і шетелдерден, тағы 100-і Қазақстанның әр аймағынан іріктелініп алынады.

Абзал Сүлеймен


 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x