«Мойнақ СЭС» қалай салынды?

Dalanews 19 қыр. 2015 02:38 562

Мойнақ СЭС-і жайында арыдан қозғап әңгіме айтуға болады. Ең алғаш бұл жердің ерекше географиялық ерекшелегін қазақтың біртуар ұлы Шоқан Уәлиханов аңғарған. Бірақ ол кезде СЭС салу турасында әңгіме болғаны анық. Бірақ тумысынан алғыр, қағылез Шоқан бұл жердің келешегі зор екенін түсінді. Сондықтан ол өзінің Қашқарияға жасаған жол сапарының жазбасында осы аймаққа айрықша тоқталған.

Шарын аймағында СЭС салу мәселесі өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап сөз бола бастайды. Сол кезде арнайы мамандар келіп, өңірдің жер бедерін байыппен қарап, мұқият зерттеген болатын. Бұдан кейін біразға дейін СЭС салу мәселесі тыншып қалды. Ол кезде Кеңес одағының көсемдері Красноярск, Братск кейіннен Саян-Шушенск СЭС-терін салуға бар күштерін жұмылдырып, Қазақстанға мойын бұратындай мүмкіндіктері болмады. Осылайша Жетісуда Мойнақ СЭС-ін салу мәселесі ұзақ жылдар бойы кешеуілдеді. Бірақ аймақтың СЭС салуға сұранып тұрғаны басшылардың назарында болды. Бұл жайында «Мойнақ» СЭС-ін салған білікті маман Стахан Белғожаев былай дейді:

– Ол кезде мен гидротехника мамандығы бойынша оқуды тәмамдап, Братск СЭС-інің құрылыс жұмысына араласып жүр едім. Сол кезде Братск СЭС-інің құрылысы аяқталғаннан кейін дәл осындай қызу құрылыс Шарын шатқалында орын алатынына сеніп жүрдім. Бірақ менің көкейде жүрген арманым бірден іске аса қойған жоқ. Ішкі Ресейдегі ірі СЭС құрылыстары аяқталғаннан кейін Екібастұз жылу электр станциясының құрылысы басталып кетті. Бұл уақытта мен Шардара СЭС-нің су қоймасының құрылысын жүргізуге қатыстым. Осылайша гидротехникалық нысандар салуда біраз тәжірибе жинақтаған кезім еді. Бірақ бар ықыласым Шарын шатқалында жаңа СЭС-тің құрылысын жүргізуге ауды да тұрды. Менің бұлайша Шарындағы жаңа гидротехникалық нысанның құрылысы жайында көп ойлануымның өзіндік себебі бар. Мен оқу бітіретін кезімде дипломдық жұмысым Шарын шатқалының гидротехникалық мүмкіндіктеріне арналған болатын. Дипломдық жұмысты жазардың алдында аймақтың тау-тасын, жер бедерін мұқият зерттеп шықтым. Сол кезде тау суының ағысын, судың биіктен құлау және тау жыныстарының геологиялық ерекшелігін мұқият зерттеп, қуат көзін өндіретін гидротехникалық нысан салуға сұранып тұрған орын екеніне көз жеткізген едім, – дейді.

Мойнак фото

Шарын шатқалымен салыстырғанда Қапшағай СЭС-і орналасқан жері гидротехникалық нысан салуда біраз қиындықтар тудырғаны жасырын емес. Қапшағай су қоймасын салу барысында 150 шақырымға жуық жер жасанды көлге айналды.  Сол кезде көптеген тарихи орындар мен тоғайлар су астында қалды. Алып құрылысты салуда қыруар күш жұмсалды. Дегенмен гидрологтардың қажырлы еңбегі тұтастай ақталғаны анық. Міне 40 жылдан бері Қапшағай СЭС-і еліміздің ең ірі мегаполисі Алматыны қажетті қуат көзімен қамтамасыз етіп келеді.

Енді Мойнақ СЭС-ін салу туралы шешімнің қалай туындағанына келсек. 60-70 жылдары гидротехникалық нысанды салу турасында қоғамдық ортада жиі айтылды.

– «Мойнақ» СЭС-інің салынуына қырғыздардың аздап қатысы болды.  70 жылдардың басында Ыстықкөлдегі су деңгейі төмен түсіп кеткеннен кейін айыр қалпақты ағайындар Кеген ауданындағы Қарқар өзенін Ыстықкөлге бұру турасында жоғарыға ұсыныс айтты. Ол кезде қырғыз-қазақ деп бөлінбей, Мәскеуге бағынатынбыз. Осылайша қырғыздар Шарынға құятын негізгі Қарқара өздеріне бұруға әрекеттенді. Бұл бағытта арнайы жоба да жасады. Кейіннен бұл іске Дінмұхамед Қонаевтың өзі араласып, сол кездегі КСРО Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Зия Нуриевтің жеке қабылдауында болып, бұл жоба Қазақстанның экологиялық ахуалына кері әсер ететінін дәлелдеп, Қарқара өзенінің арнасын Ыстық көлге қарай бұрудан сақтап қалды. Егер сол кезде Д.Қонаев ақсақал үнсіз қалғанда Қарқара өзенін қырғыздар бұрып алып, біздер Мойнақ СЭС-ін салуды мүлде жадымыздан шығар ма едік. Кім білсін? Сондықтан Димекеңе алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сол кезде Д.Қонаев өзенді бұру мәселесіне тоқтау салғызды. Сонымен қатар Шарын шатқалы аймағында Бестөбе су қоймасының құрылысын бастауға Мәскеуден арнайы қаржы бөлгізгенін естігенде балаша қуанғаны әлі есімде. Бұл енді Мойнақ СЭС-ін салуға бір-ақ қадам қалғанының белгісі еді. Осылайша 80 жылдардың басында алғашқы құрылыс жұмыстары қарқынды жүре бастады. Біздер су қоймасының төменгі сағасын СЭС салуға ыңғайлы етіп салуға бар күш-жігерімізді жұмсадық, – деп Стахан Белғожаев идеяның қалай туындағанын айтып берді.

1984 жылдан бастап жұмыс қарқын ала бастады. Осылайша құрылыстың 70 пайызы аяқталып, 94 метр болатын су қорғаны тұрғызылып, аз ғана жұмыстар қалған кезде Кеңестер Одағы құлап, құрылыс жұмыстары күрт тоқтады. Дүрбелең басталып кетті. Тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның жағдайы алып құрылыс нысанын жүргізуге жетпеді. Қаржылық қиыншылықтар етектен тартып, Бестөбе су қоймасының жұмысын толықтай тұралатқаны белгілі. Тоқырау жылдары Стахан ағаның ойында Мойнақ СЭС-інің құрылысын аяқтау болған екен. Білікті маманды ортан жолда тоқтап қалған құрылыс ұдайы мазалап, жанымды жегідей жеген.
«Мойнақ» СЭС-інің салынуына қырғыздардың аздап қатысы болды.  70 жылдардың басында Ыстықкөлдегі су деңгейі төмен түсіп кеткеннен кейін айыр қалпақты ағайындар Кеген ауданындағы Қарқар өзенін Ыстықкөлге бұру турасында жоғарыға ұсыныс айтты. Ол кезде қырғыз-қазақ деп бөлінбей, Мәскеуге бағынатынбыз. Осылайша қырғыздар Шарынға құятын негізгі Қарқара өздеріне бұруға әрекеттенді. Бұл бағытта арнайы жоба да жасады. Кейіннен бұл іске Дінмұхамед Қонаевтың өзі араласып, сол кездегі КСРО Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Зия Нуриевтің жеке қабылдауында болып, бұл жоба Қазақстанның экологиялық ахуалына кері әсер ететінін дәлелдеп, Қарқара өзенінің арнасын Ыстық көлге қарай бұрудан сақтап қалды. Егер сол кезде Д.Қонаев ақсақал үнсіз қалғанда Қарқара өзенін қырғыздар бұрып алып, біздер Мойнақ СЭС-ін салуды мүлде жадымыздан шығар ма едік. Кім білсін? Сондықтан Димекеңе алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сол кезде Д.Қонаев өзенді бұру мәселесіне тоқтау салғызды. Сонымен қатар Шарын шатқалы аймағында Бестөбе су қоймасының құрылысын бастауға Мәскеуден арнайы қаржы бөлгізгенін естігенде балаша қуанғаны әлі есімде. Бұл енді Мойнақ СЭС-ін салуға бір-ақ қадам қалғанының белгісі еді. Осылайша 80 жылдардың басында алғашқы құрылыс жұмыстары қарқынды жүре бастады.

2000 жылдары еліміздегі экономикалық ахуал бір қалыпқа түскеннен кейін ол шенеуніктермен кездесіп «Мойнақ» СЭС-нің құрылысын жандандыру турасында ұсыныстарын айта бастайды. Бірақ бұл әрекетінен түк шығара аламайды. Осыдан кейін 2001 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жағдайды қысқаша баяндап хат жазады.

– Президент менің хатыма назар аударып, сол кездегі Үкімет төрағасы Қасымжомарт Тоқаевқа менің ұсынысым көңіл аударатын маңызды ұсыныс екенін айтып, бұл мәселені жедел қарастыру турасында тапсырма бергенін  естігенде төбем көкке екі елі жетпей қалды. Қасымжомарт Кемелұлы да тиісті ведмостваларға менің ұсынысым бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Экономикалық жағдай біршама түзелгенімен мұндай ірі жобаға қаржы табу қиын болды. Бұл жобаның еліміз үшін маңыздылығын түсінгеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мойнақ СЭС-ін салу мәселесін Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіне ұсынады. Өз кезегінде Шығыстағы көршіміз жобамен мұқият танысып шыққаннан кейін Мойнақ СЭС-інің құрылысын қаржыландыруға келісім береді. Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығының арқасында Мойнақ СЭС-і өмірге келді, – дейді Стахан Белғожаев.

Осылайша отаншыл азаматтардың арқасында еліміздің оңтүстігіндегі энергетикалық тапшылықты түбегейлі шешкен «Мойнақ» СЭС-і қазір 300 мегаваттан астам қуат көзін өндіріп келеді. Негізінен, Мойнақ СЭС-ның қуаты 1 027 млн кВт/сағатқа дейін өнім өндіру мүмкіндігі бар.

Нұрлан ЖҰМАХАН


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x