Жалға берілетін тұрғын үй нарығының келешегі зор

Dalanews 03 мам. 2015 23:25 272

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» елімізде қол жетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыруда ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келеді. Компания бұл бағытта зор тәжірибе жинақтап, маңызды міндеттерді атқарғанын білеміз. «Бәйтерек» холдингіне қарайтын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» қазір «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасына қатысып, жергілікті билік орындарымен тізе қосып жұмыс істеп жатыр. Жақында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаевпен тұрғын үй нарғын дамытуға қатысты сұрақтарымыздың қойып, тұщымды жауап алдық.

 

– Азамат Амалұлы, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының ең тиімді бағыттарының бірі – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» желісі арқылы жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын дамыту екенін білеміз. Бұл бағыт бойынша алдағы уақытта қанша үй салынады? Жалпы, компания осы аталмыш бағдарламаны қалай жүзеге асырмақ? Осы туралы әңгімелеп берсеңіз.

– «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында қазіргі таңда біздің компания жергілікті әкімдіктер бөлген жер телімдерінде тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, бірқатар құрылыс мекемелерінен дайын тұрғын үйлерді сатып алуда. Осылайша ағымдағы кезеңде 1830 пәтерді тапсыру жөнінде шартқа отырып, еліміздің төрт аймағында 1686 пәтердің құрылысы жүргізудеміз. Тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй кешендері туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарлаймыз. Олар өз кезегінде «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламаға қатысу үшін  кезекте тұрғандардың тізімін қалыптастырады. Компания аталған тізім бойынша олардың төлем қабілеттілігіне баға анықтап, жергілікті билік орындары бекіткен тізім негізінде тұрғындармен жалға алу шартына отырады.

– Көптеген адамдар алдында не күтіп тұрғанын білмейді. Кейбіреулер жұмысынан шығып қалып, жалға алған пәтерлерінің ай сайынғы төлемақысын төлей алмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда кейін үйді жекеменшікке алуға кедергісін келтірмей ме?

Әрине, әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін, біз оны түсінеміз және компания жалдау төлемдері бойынша өзара тиімді жағдайлар арқылы берешекті өтеу жолдарын қарастырады. Айталық, қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда компаниямен жалға алушылар арасында келіссөздер жүргізіледі. Жалға алушылардың қалауы бойынша мерзімі өткен жалдау төлемдерін қайта құрылымдауға болады. Қандай жағдай болсада  біздер клиенттерге қол ұшын созып, олардың істерін жеке қарастырып, оңтайлы жолды табуға күш саламыз.

Қазір банктерден несие алып, оны төлей алмай жүргендер көп. Осы ретте басқа банктегі несиелерін жаппай-ақ, сіздерден жалға үй алуына бола ма, әлде басқа банктегі несиелерін міндетті түрде жабуы тиіс пе?

Барлық мәселе жалға алушылардың кірісіне байланысты. Бағдарламаға қатысушылар компанияның ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес төлем қабілеттілігін растауы тиіс. Азаматтардың  басқа банкте несиесі болған жағдайда, оның кірісі несие төлеуге және жалға берілетін тұрғын үйдің ақысын төлеуге жетуі тиіс. Сонда ғана олар жалға берілетін тұрғын үйді ала алады. Сондай-ақ, жалға алушының несие тарихы дұрыс болуы тиіс.

– Жалға берілетін тұрғын үй нарығын одан әрі жетілдіру үшін тағы не істеу керек? Бұл бағытта қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

Қазіргі уақытта Үкіметпен осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылды және бүгінгі күннің өзінде жалғасын табуда. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» атынан жалға берілетін тұрғын үйге салынатын салықты төмендету мүмкіндіктерін қарастыру бойынша ұсыныстар жасаудамыз. Бұл жалдау төлемдерінің құнына айтарлықтай әсерін етіп, халықтың тұрғын үйге деген қолжетімділігін арттырар түсетін анық.

– Сіздердің ұсынған «тұрғын үйді сатып алу құқығы мен жалға беру» бағыттарыңыз шетелдік үлгі екендігі белгілі. Сонда бұл қай елдің тәжірибесі және ол жақта бұл бағыт өз тиімділігін көрсете алды ма?

Бүгінде Еуропа және АҚШ елдерінде тұрғын үйді жалға беру тетігі әбден қалыптасқан, оның ішінде мемлекет, муниципалитеттер немесе жұмыс берушілер қаржы бөледі. Швецарияда салынып жатқан тұрғын үйдің шамамен 37%, Ұлыбританияда – 56%, АҚШ – 25% жалға беріледі. Үлкен қалаларда жалға берілетін тұрғын үй қорының үлесі әдетте, одан да жоғары болады. Мысалы, Нью-Йоркте тұрғындарының  33%-ға тақауы өз үйлерінде тұрады.

Осы тетіктер қалыпты ипотеканың қолжетімсіз жағдайларында (пайыздық мөлшерлеменің жоғары және бастапқы жарнаның болуы), қаржы жағынан қолжетімді болуымен қатар, халықтың тұрақты жұмыс орнын ауыстыруға мүмкіндік тудырады. Мысалы, Еуропада жұмыс берушімен қаржыландырылатын жалға алу кезінде ұйымның қызметкері компания қажеттілігіне қарай өзінің тұратын орнын оңай ауыстыра алады. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін таңдаған пәтерін сатып ала алады (бұл кезде бұрынғы жалға алу төлемдері де есептелінеді).
Еуропа және АҚШ елдерінде тұрғын үйді жалға беру тетігі әбден қалыптасқан, оның ішінде мемлекет, муниципалитеттер немесе жұмыс берушілер қаржы бөледі. Швецарияда салынып жатқан тұрғын үйдің шамамен 37%, Ұлыбританияда – 56%, АҚШ – 25% жалға беріледі. Үлкен қалаларда жалға берілетін тұрғын үй қорының үлесі әдетте, одан да жоғары болады. Мысалы, Нью-Йоркте тұрғындарының  33%-ға тақауы өз үйлерінде тұрады.

– Қазіргі таңда сіздерге қанша адам үйге мұқтаж ретінде кезекке тұрды? Енді үйге кезекке тұру үшін құжаттарды жергілікті әкімдік жүзеге асырғанымен, олардың төлем қабілетін сіздердің компанияларыңыз анықтайды ғой. Осы тұста неше адамның төлем қабілетін растадыңыздар?

– Осы ретте кезекті қалыптастыру ісі жергілікті билік орындарымен бірлесіп іске асыратынымызды атап өткен жөн. Біздер жергілікті билік орындары ұсынған «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасына қатысатын үміткерлердің төлем қабілеттілігін тексереміз.  Қазіргі уақытта алты қалада 2437 пәтер бойынша бөлу рәсімдері жүріп жатыр.

– Ал бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің сапасы туралы не айтасыз?

– «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағдарлама аясында тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды ұдайы жүргізіп отырады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы тәуелсіз техникалық қадағалау және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп бақылаймыз.

– Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйге қатысты заң бар ма? Жалгерлікке қатысты шарттардың бәрі әділ әрі түсінікті деп айта аласыз ба?

Қазіргі уақытта ҚР «Азаматтық кодексінде» аталған мәселелер бойынша жалдауға қатысты толық түсінік берілген заң баптары бар. Бұған қоса ҚР АК сәйкес мүліктік жалдау шартында жалға алынған мүліктің жалға алушының меншiгiне кейіннен меншік құқығының көшуi де көзделген. Оған қоса ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес тұрғын үй заңнамасы тұрғын үйлерге меншiк құқығының, сонымен қатар тұрғын үйлердi пайдалану құқығының туындауы мен тоқтатылуына байланысты, сондай ақ тұрғын үй қорларын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету мен жөндеу мәселелері туралы қарым-қатынастарды азаматтардың қатысуымен реттейді. Тұрғын үйді жалға беру шарттарының негізгі талаптары бағдарламада көрсетілген.

– Бағдарлама бойынша салынатын үйлерді қолжетімді етеміз деп шаршы метрді қысқарту дұрыс па?

– «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы тұрғындардың әлеуетті осал топтарына арналған. Бағдарлама эконом-класты кіші ауқымды тұрғын үйлерді жобалауды, салуды және сатуды ынталандырады. Бағдарлама аясында салынған жылжымайтын мүліктер құрылыс нормаларының барлық талаптарына толығымен сәйкес келетінін айта кетуіміз керек. Пәтерлер ауданы 80 шаршы/метрге дейінгі аумақты құрайды.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Серік Жұмабаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x