Қазақ жанкүйерлерінің орысша «кричалкалары» орыс теннисшіге ұнады

Dalanews 20 қыр. 2016 03:48 404

Теннистен Дэвис Кубогы аясындағы кездесуде Ресей құрамасына шешуші ұпай әперген Андрей Кузнецов қазақстандық жанкүйерлердің ұрандарына қатысты пікір білдірді.

– Қазақстандық жанкүйерлер жайында айтатын болсам, олардың (орысша авт.) ұрандары ұнады. «Қазақстан» деген атауды қоспағанда мені қолдап жатқандай елестеді – депті Андрей Кузнецов  «Р-спорт» басылымына.

Айта кетейік, Қазақстанның теннис Федерациясы апаратын жанкүйерлер теннисшілерімізді «Катюша», «Калинка» әндерін орындап қолдау көрсетеді.

 

Дереккөзі: kaz.caravan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x