Маңғыстау. 20 жыл таксист болған ана сайлауда өз таңдауын жасады

Dalanews 19 нау. 2023 08:12 293

Маңғыстауда «таксист Гүлшара апай» деген атпен танымал алтын алқа иегері, көп балалы ана Гүлшара Жолдасбаева Шетпе ауылындағы №166 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 20 жылдан астам уақыт көлік жүргізіп, “Ақтау-Шетпе” бағытында жолаушы тасымалдауда.

Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп қабылдауы керек. Өйткені ол сайлауға қатысып, өз дауысын беру арқылы кемел келешегі мен жарқын болашағын айқындайды.

Маңызды күнде өз дауысын беруге келген Гүлшара анамыздың  пікірі осыған саяды.

– Бұл сайлаудың маңызы зор. Себебі тұрғындар әр аумақтың болашағы үшін жұмыс жасайтын билік пен халықтың арасындағы көпір — депутаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. Көпшіліктің дауысымен сайланған депутат ауданымызды, елімізді көркейтіп, гүлдендіру үшін күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін, – дейді Гүлшара Жолдасбекова.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x