Жаңа Қазақстанға жаңа энергиясы, жаңа идеясы бар депутаттар қажет - Даниал Ахметов

Dalanews 19 нау. 2023 05:51 321

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі №42 мектепте орналасқан №9 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Ол бүгін бүкіл ел үшін маңызды күн екенін және бұл сайлау Қазақстан тарихында мәңгі қалатынын, өйткені бұл біздің мемлекетіміздің саяси құрылымын дамытудың жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті.

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастаған барлық саяси реформалар жүзеге асырылды деп атап өтті Даниал Ахметов.

«Біз бәріміз саяси ландшафттың өзгергеніне куә болып отырмыз және бұл сайлау Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуына маңызды серпін беретіні сөзсіз. Бүгін біз жаңа энергиямен, жаңа ойлармен және идеялармен келетін депутаттарды сайлайтынымызға сенімдімін»,-деді ШҚО әкімі.

Облыс әкімімен бірге сайлау учаскесіне №42 мектептің түлектері келді. Олар өмірінде бірінші рет дауыс берді. «Президент демократияландыру процесін одан әрі дамыту туралы бірнеше рет айтып өткен болатын. Біз қоғамымыз демократияланып, билікке деген сенім деңгейі артады деп сенеміз»,-деді Эдуард Вютерих.



Құрдасының ойын әрі қалай алғаш дауыс беруге келген Роман Луневте ойын былай жеткізді.

«Біздің таңдауымыз толығымен саналы, өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ, уақытпен бірге жүру маңызды», - деді ол.


Өңір басшысы жастардың өз еліне сенуі және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуі, саяси процестерге қатысуы қажет екенін атап өтті.

«Бүгін сайлауда жастарды көру өте қуанышты», - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x