Кәсіпкерлерге қатысты заң әділ әрі дұрыс болуы үшін күресеміз – Respublica партиясы

Dalanews 10 нау. 2023 12:36 197

Respublica партиясының сайлау алдындағы туры еліміздің көшбасшылары мен кандидаттары барған 18-ші өңірі – Шығыс Қазақстан облысында жалғасты. Бұл сапар Өскемен қаласының іскер азаматтарымен және зиялы қауымымен кездесуден басталды.  

Respublica партиясының тең төрағасы партия құрудың алғы шарттарының бірі елдің салық заңнамасындағы кедергілерді жою екенін айтты.

Осылайша, спикер қаңтар оқиғасы кезінде қарақшылардан зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанын атап өтті. Алайда, бұл қолдауға да салық салынады екен.

«Егер кәсіпкерлер табиғи апаттан зардап шеккен болса, онда тиісті қолдауға салық салынбайтын еді.  Бірақ талан-таражға түскен жағдайда заңнамада салық салу туралы ереже қарастырылған.  Сондықтан, кәсіпкерлерге қатысты заң әділ әрі дұрыс болуы үшін қолданыстағы нормаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық ету – партияның алға қойған мақсаттарының бірі.  Әсіресе, өткен жылдың қаңтарында орын алған осындай жағдайлардың құрбаны болғандардың құқығын қорғау керек», - деді Барышев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x