«Байтақ» жасылдар партиясы тігіншілермен кездесті

Dalanews 09 нау. 2023 12:22 111

7 наурыз күні «Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалының сайлауалды штабы «Алтын адам» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті.

Партия өкілдері аталған фабриканың жұмыс барысымен танысып, оларды мазалайтын сұрақтарды талқылады. Үміткерлер партия мақсаттарын түсіндірді. Кездесуге Қазақстанның «Байтақ» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Құрмет Керімбеков пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сейдулла Кеңесбай және Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Данияр Жетпісбаев қатысты.

Құрмет Керімбеков фабрика ұжымына «Байтақ» жасылдар партиясының бағдарламасын таныстырып, экологияға байланысты мәселелерге жеке тоқталды.



Фабрика ұжымы да өз тараптарынан ойларын айтып, партия бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x