"Ауыл" партиясы ауылды жерде жайлы өмір сүрудің концепциясын әзірлеуде

Dalanews 12 нау. 2023 12:11 230

«Ауыл» партиясының делегациясы Түркістан облысы Сауран ауданының халқымен және кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.

«Гүлденген ауыл және тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырады, урбанизацияға байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды азайтады», – деп «Ауыл» партиясынан кандидат Болатбек Қыстауов өз сөзін қорытындылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x